2018 жылдың 31 қазанынан 2 қарашасына дейін Алматы қаласында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы базасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің құндылықтарын қалыптастыру, шығармашылық әлеуетті дамыту, шығармашылық қызметте өзін-өзі көрсету, жеке қасиеттерін таныту, азаматтық, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тану туралы ұмтылысын дамыту арқылы рухани тәрбиелеу болды.
Шығыс Қазақстан облысы 3 қатысушыны - олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын ұсынды.
Болашаққа батыл қарайтын балалар қазылар алқасына бейбітшілік, мейірімділік, қоғамға қызмет ету туралы түсініктерін көрсететін жобаларын ұсынды.
Қазылар алқасы қатысушыларымыздың сауаттылығының жоғары деңгейін, олардың шығармашылығы мен бастамашылығын атап өтті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша облысымыздың құрама командасы абыройлы 2 орынға ие болды.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Сейітқазина Бақытжан - Аягөз ауданының Ақтоғай орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Серікқазы Нұрқадыр - Семей қаласының облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы;
- Қасымбекова Аяулым - Өскемен қаласының дарынды балаларына арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 7 сынып оқушысы.
Балаларды құттықтаймыз!
Сіздерге сәттілік пен жеңістер тілейміз!

