2018 жылдың 19 қазанында бір уақытта Қазақстан Республикасының барлық облыстарында лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.Олимпиада Шығыс Қазақстан облысында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің базасында өтті.
Олимпиаданың басты мақсаттарының бірі - оқушыларды ғылымға тарту, дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, оқушылардың қолданбалы лингвистика бойынша білімін жетілдіру және тереңдету.
2018 жылдың 12 қазанында өткен олимпиаданың бірінші қалалық (аудандық) кезеңінде облыстың жалпы білім беру мектептерінің 780 астам оқушысы «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының академиялық тобы әзірлеген бірқатар тапсырмалар жинағын орындады.
Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған қатысушылар 2018 жылдың қараша айында өтетін республикалық іріктеу кезеңіне қатысады.