+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 55-20-12
«Математикадан олимпиада есептерін шығару тәсілдері» математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізу туралы
09 Окт, 12:53

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2018 жылғы 24 қыркүйектегі №388/15-11-07 хатына сәйкес, 2018 жылдың 29-31 қазаны аралығында Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің базасында (Ш. Уәлиханов көшесі, 206) «Математикадан олимпиада есептерін шығару тәсілдері» атты математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізетінін хабарлаймыз.

Семинардың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби деңгейін дамытуға қолайлы жағдай жасау, оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту, математикадан олимпиадаларға дайындаудың әдістемелік талаптарын және негізгі бағыттарын үйрету.

Семинарға білім беру ұйымдарының қазақ тілінде білім беретін математика пәнінің мұғалімдері шақырылады. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады. Семинарға келу күні – 28 қазан, қайту күні – 31 қазан, сағат 18:00-ден кейін.  

Семинарға қатысу туралы сұранысты, қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен ұйымдастыру жарнасының төлемі туралы түбіртекті 2018 жылдың 22 қазанына дейін төмендегі үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/ 552012 факсы арқылы немесе vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет.

Өтінім үлгісі:

Қатысушының аты-жөні

(құжат бойынша)

Қала/аудан,

мектеп

Еңбек өтілі,

санаты

Байланыс телефоны

 

 

 

 

Іссапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы – 10000 тг., тамақтану, жатын орны және барып-қайту жолы) жіберуші жақтың есебінен өтеледі.

Ұйымдастыру жарнасын келесіесеп-шотына аудару қажет:

РГКП «Дарын» РҒПО

БИН 990240007434

ИИК(IBAN) KZ566010111000021443

БИК HSBKKZKX

Астана аймақтық филиалы №119900

АҚ «Қазақстан халық банкі» Астана қ.

КБЕ 16

КНП 861