|
Өтетін орны: Өскемен қаласы, «Дарын» ШҚ ӨҒПО Таулы Үлбі |
Өтетін күні: 18-20 қазан, 2018 ж. |
ҚР Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында қазақстандықтар үшін таяу жылдардағы басым міндеттердің бірі өлкетану негізінде ұйымдастырылған «Туған жер» бағдарламасы арқылы патриотизмді қалыптастыру болып табылады. Өлкетану білімі өскелең ұрпақтың рухани-құндылық және тәжірибелік бағдарлануына әсер етеді.
«Менің кіші отаным» жас тарихшылардың облыстық интеллектуалдық конкурсының мақсаты туған ел тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық белсенділікті және қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сонымен қатар, өлкетану мен Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың білімдерін, ұлттық өзін-өзі анықтау және өзінің кіші отанына деген мақтанышын дамыту.
Облыстық конкурс қатысушылары мектепішілік және аудандық/қалалық конкурстық іріктеу кезеңдерінен өткен ШҚО жалпы жалпы білім беру мекемелерінің 9 сыныптарының 180 оқушысы.
Облыстық конкурсты өткізу барысында қатысушылар:
- «Менің кіші отанымның тарихы» бейнерепортаждау форматында өз елді мекенінің тарихын ашып береді.
- «Кіші отанымның символы» бейне презентациялау арқылы өз елді мекенінің таңдауын және кіші отанына деген сүйіспеншілік бейнесінің бірегейлігін дәлелдейді;
- «Менің кіші отанымның болашағы» тақырыбында шығармашылық жұмыстарын ұсынады:
- «Менің туған өлкем» тақырыбында өз елді мекені туралы эссе жазады;
- Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тестілеуге қатысады
Облыстық конкурстың сарапшылары мен қазылар алқасының мүшелері:
Жумадилова Сайрангуль Ахметкаримовна – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы; Айтпаева Жанат Женисбековна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директоры; Өскембай Әлия Әкімқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің деканы; Турова Лидия Петровна – тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан-Америкалық еркін университетінің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті.
Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел.: 8/7232/55-20-12, e-mail: vk_daryn@mail.ru,
баспасөз хатшысы - Абсалямова Айгерим Кайратовна