Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы2018 жылдың 28 қыркүйегінде 7-9 сынып оқушылары арасында өзін-өзі тану пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі (бұдан әрі – Олимпиада)өткізетіндігін хабарлайды.
Олимпиада «Мен – Қазақстанның азаматымын» тақырыбында әлеуметтік жобаларды қорғау бойынша конкурс форматында өтеді.
Топтың құрамы 3 адам: 7 сынып – 1 қатысушы, 8 сынып – 1 қатысушы, 9 сынып – 1 қатысушы.
Олимпиаданың өткізілу ережесі ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сайтында (shygysdaryn.kz) берілген.
Қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің директорлары 2018 жылдың 20 қыркүйегіне дейін сапалы іріктеу жүргізіп, есепті, қатысуға сұранысты (қосымша 1), ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының эл. поштасына (vk_daryn@mail.ru) жіберуді сұраймыз.
Өтінім үлгісі:
|
Қатысушының аты-жөні |
Аудан/қала |
Мектеп |
Сынып |
Оқитын тіл |
Оқушыны даярлаған мұғалімнің АЖТ |
Үйлестірушінің АЖТ, телефоны (ұялы, жұмыс) |
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша 1 парақта, ресми тілде.