+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Азиялық ғылыми лагерьдегі жас зерттеушілер
10 Там, 17:48

2018 жылдың 3-9 тамызы аралығында Индонезия елінің ең әсем қаласы Манадода өткен, 12-ші Халықаралық Азиялық ғылыми лагерьге Қазақстанның  құрама командасы қатысты.

Шығыс Қазақстан облысынан команда құрамында Өскемен қаласындағы №38 мектеп-гимназиясының 10-шы сынып оқушысы, халықаралық және республикалық ғылыми конкурстардың жүлдегері Кузнецов Никита барды.

Бұл лагерьдеойлау қабілетті жетілдіруге бағытталған түрлі байқаулар мен викториналық ойындар ұйымдастырылды, балалар өз қолдарымен қағаздан микроскоп құрады, лабораториялық жұмыстар өткізді, түрлі конкурстарға қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық ойындар да ойнатылды, сабақтан тыс уақыттарында ұжыммен қызықты іс- шаралар, психологилық тренингтар, жарыстар өткізді. Табиғат  аясынасеруенге шықты, түрлі қызықты ойындар ойнады, сауық кешіне тақырыптар құрады және әр түрлі  тілде өлең айтып үйренді.

Ауысым аяқталарда балалар лагерь туралы ең әдемі плакат конкурсында сайысты.

Салтанатты жиындакөп көңіл қаланың тарихына, дәстүріне, ұлттық тағамдарына, қонақжайлылығына бөлінді.

Қатысушылардың әр күні көңілді қызықты өтті, көңіл-күйлері көтеріңкі болды. Шығармашылық жұмыстарға оқушылар белсене қатысып, өз ойларымен бөлісе білді. Бір-бірімен қарым-қатынастары да жақсы болды. Қатысушылар лагерьден көптеген тың дүниелерді ұғып, шығармашылық қабілеттерін арттырып отырды.

Лагерь қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен естелікке сыйлықтар тарту етілді.