|
Өтетін орны: Өскемен қаласы, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, Таулы Үлбі, тарихи-мәдени құндылықтарды зерттеу бағыты бойынша. |
Өтетін уақыты мен күні: 17-26 маусым, 2018 ж. |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту, туристік дағдылар мен икемділікті, экологиялық мәдениетті, оқушыларды тарих, география, Шығыс Қазақстанның табиғаты мен мәдениеті жөнінде оқытып үйрету, білімдерін кеңейту, жас ұрпаққа патриоттық және азаматтық тәрбие беру мақсатында 2018 жылғы мамыр-маусымда туристік экспедициялық жасақтардың «Менің Отаным - Қазақстан» облыстық слеті өткізіледі. Мектепішілік іріктеу кезеңінде ШҚО жалпы білім беру мекемелерінен 7-10 сыныптарының 43500 оқушысы қамтылды (2 мамыр, 2018 жыл). Аудандық/қалалық айналымда – 16200 адам (10 мамыр, 2018 жыл). Облыстық айналымда – 200 адам (17-26 маусым, 2018 жыл).
Облыстық кезеңнің бағдарламасына енгізілді:
- «Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастыру және дамыту» тақырыбында дәріс;
- «Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы» «Экспедицияның мәдени-тарихи құндылықтарды зерттеу қорытындысы бойынша презентациялауға дайындау алгоритмі» тақырыптарында шеберлік-сыныптарын;
- «Жаяу жүру туризмінің техникасы», «Су туризмінің техникасы» (Ертіс өзені бойымен ағу), «Бағдарлау», «Топография», «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Құзға шығу», «Құтқару жұмыстары» оқу-тәжірибелік сабақтары;
- тарихи-мәдени құндылықтарды зерттеу экспедиция бағыты бойынша: Берел қорғандары, Ұлттық парк Тәлімбағы, Марал өсіруші шаруашылыққа. Омарта. Рахман қайнары, Ақ Тау (Мұзтау); Семей қаласының көрікті жерлері, Курчатов қаласының полигоны; «Токамак» термоядерлық материалдық жобасы; Күшікбай үңгірі маңындағы бастау; М. Әуезовтың үй-мұражайы; Абай атындағы Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығы; Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайы; Семейдегі Жидебай (Жидебай қорығы) тарихи-өлкетану мұражайы; Еңлік-Кебек ескерткіші; Ақбауыр, Аблаинкит; Сібе өзендері; Қоңыр әулие үңгірі; Қиын Керіш алабы; Марқакөл қорығы; Марқакөл көлі; Мойнақ шатқалындағы петроглифтер галереясына экспедициялар;
- Мәдени-тарихи құндылықтарды зерттеу экспедициясы бойынша «Топтың визит карточкасы» конкурсына, «Шығыс Қазақстан облысы туристік бағытының үздік жобасы» ізденіс-зерттеу жұмыстарының жобалар конкурсына, «Terra Incognita» тәжірибелік-бағыттау кезеңіне, «Туған өлке» экологиясы презентациясын қорғау кезеңіне, «Экологиялық соқпақ» конкурсына, «Аралас туризм» кросс жорығына «Шығыс Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің лабиринті» өлкенің тарихи және мәдени нысандарын білуге арналған квестке қатысады, «Мәдени-тарихи құндылықтарды зерттеу нәтижесі бойынша экспедицияның қорытынды есебі» презентациялары конкурстары.
Туристік экспедициялық жасақтардың «Менің Отаным - Қазақстан» облыстық слетінің сарапшылары, баяндамашылары, ғылыми жетекшілері, оқу сабақтарын өткізетін оқытушылар, конкурстардың әділ-қазылары мен жолнұсқаушылары ретінде болатындар: Жумадилова Сайрангуль Ахметкаримовна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшының міндетін атқарушы; Айтпаева Жанат Женисбековна, педагогика ғылымдарының кандидаты, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директоры; Завалко Надежда Александровна, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ПББҒХА академигі, АХА академигі, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры; Калиева Канша Саветкановна, тарих ғылымдарының кандидаты, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндері кафедрасының доценті, және тағы басқа жоғары оқу орындарының, колледждер мен білім беру орталықтарының оқытушылары.
Туристік экспедициялық жасақтардың «Менің Отаным - Қазақстан» облыстық слетінің жеңімпаздары туристік экспедициялық жасақтардың «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық слетіне қатысады.
Слетті өткізу туралы Ереже https://shygysdaryn.kz/blogs/view/2/1175 сілтемеде.
Өскемен қ. Усть-Каменогорск,
Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО,
тел.: 8/7232/55-20-12, e-mail: vk_daryn@mail.ru,
баспасөз-хатшысы- Абсалямова Айгерим Кайратовна