+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың ерекшеліктері: әдістемесі және мазмұны» атты қазақ тілі мен әдебиеті және оқу тілі қазақ тілінде жүргізілетін тарих, дінтану пәні мұғалімдеріне арналған оқу семинарын өткізу туралы
25 Мамыр, 15:08

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2018 жылғы 17 мамырдағы №219/15-11-07 хатына сәйкес, 2018 жылдың 20-22 маусымы аралығында Алматы қаласындағы№126 мамандандырылған лицейінің базасында (Алматы қ., Ақсай- 4 ш/а, 96 а) «Тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың ерекшеліктері: әдістемесі және мазмұны» атты қазақ тілі мен әдебиеті және оқу тілі қазақ тілінде жүргізілетін тарих, дінтану пәні мұғалімдеріне арналған оқу семинарын өткізетінін хабарлаймыз.

Семинардың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, дінтану пәндерінен оқушыларды шығармашылыққа баулудың тиімді әдіс-тәсілдерін үйрету, мұғалімдердің ғылыми-теориялық, әдістемелік деңгейін жетілдіру.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады. Семинарды өткізу туралы ақпарат www.daryn.kz сайтында орналасқан. Семинарға келу күні – 20 маусым, қайту күні – 22 маусым, сағат 18:00-ден кейін.

Әр қатысушыға 6 маусымға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/seminarleto сілтемесі бойынша онлайн - тіркелуден өту қажет.

Семинарға қатысу туралы сұранысты, қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен ұйымдастыру жарнасының төлемі туралы түбіртекті 2018 жылдың 6 маусымға дейін төмендегі үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/ 552012 факсы арқылы немесе vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет.

Өтінім үлгісі:

Қатысушының аты-жөні

(құжат бойынша)

Қала/

аудан,

мектеп

Пәні, оқыту

тілі

Еңбекөтілі,

санаты

Байланыс телефоны

Қонақ үй қажеттілігі