Өту уақыты: 2018 жылғы 12 мамыр.
Өту орыны: облыс мектептерінде.
Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.
Қатысушылар: ШҚО жалпы білім беретін мектептерінің 8-10 сынып оқушылары.
Барлығын қамтитын диктант «Әдеби Шығыс» конкурсы аясында өткізіледі. Қазақ, орыс тілдері мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және сауаттылығын әйгілеуге бағытталған білім беру акциясы.
Диктант Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандары мен қалаларында бір мезгілде 2018 жылғы 12 мамырда, сағат 10.00 - де онлайн өтеді. Аталған шара облыстың білім беру мекемелері оқушыларының 100%қатысуын қамтиды.
Диктантқа материалдар Абай, М. Әуезов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ф.М. Достоевский және Шығыс Қазақстанның жазушыларының шығармаларының қазақ және орыс тіліндегі мәтіндерінен алынады.
Диктант мәтінін режиссер, Шығыс Қазақстан облыстық драма театр жанындағы жастар театрының көркемдік жетекшісі А.А.Салбанов, Новосібір мемлекеттік театр институтының түлегі, Шығыс Қазақстан облыстық Ф.М. Достоевский атындағы мемлекеттік орыс драма театрының актері, ХХ Республикалық театрлар фестивалінің «Үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша дипломанты А.А. Кизилов оқиды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Әдеби Шығыс» туристік бағыты бойынша мәдени-танымдық саяхатының қатысушысы бола алады.
БАҚ өкілдерін 2018 жылы 12 мамырда сағат 10:00- де облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейіне (Новаторов көшесі, 9 а ), №35 орта мектепке (Қабанбай батыр көшесі, 132) шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі мекен-жайға хабарласуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ШҚӨҒПО «Дарын». Тел.: 8/7232/55-20-12, 70-02-44, 8777 595 75 58 (Айгерим).