+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Зияткер» желілік кешені мектеп балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасының ережесі
06 Нау, 15:48

I. Жалпы ережелер

1. «Зияткер» желілік кешені мектептерінің балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасының (әрі қарай – Олимпиада) Ережесі олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырылуы мен әдістемелік қамтамасыз етілуін, нәтижелерді бағалау және жеңімпаздарды анықтау, Олипиадаға қатысу тәртібін анықтайды. 

2. Ереже Олимпиаданың мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді анықтайды.

3. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы (әрі қарай – «Дарын» ШҚ ӨҒПО) болып табылады.

 

II. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері

4. Олимпиаданың негізгі мақсаты балалардың инженерлік-техникалық әлеуетін ынталандыру және политехникалық ой-өрісін кеңейту болып табылады.

5. Олимпиаданың негізгі міндеттері:

  • инженерлік-техникалық шығармашылықты дамыту;
  • балалардың техникалық әлеуетін, жобалау және ойлап табу қабілеттерін анықтау және дамыту, оларға қолдау көрсету;
  • педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыру;
  • қоғамның инженерлік-техникалық әлеуетін дамытумәселелеріне қоғамдық назарды аудару.

 

IIIОлимпиаданың қатысушылары

6. Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының «Зияткер» желілік кешені мектептерінің 1 сынып оқушылары мен мектепалды сыныптарының тәрбиеленушілері қатысады.

7. Олимпадаға «Зияткер» желілік кешен мектептерінен 1 сынып оқушылары мен мектепалды сыныптарының тәрбиеленушілері құрамы 6 қатысушыдан тұратын 1 команда (әр пәнге бір оқушыдан) және 1 жетекші қатысады.

8. Команданың атауы, ұраны, төсбелгісі болуы қажет. Әр қатысушыда бейдж болуы тиіс.

9. Олимпиадаға белгіленген мерзімге дейін өтінім берген балалар қатысады. Олимпиаданың өту күнінде оқушыларды және пәндерді ауыстыруға тыйым  салынады (пәнді немесе оқушыны ауыстырған жағдайда, нәтижелер есептелмейді).

 

IV. Олимпиаданың өту мерзімдері

10. Олимпиада 2018 жылдың 14 сәүірінде Өскемен қаласындағы ШҚО білім басқармасының «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ базасында өткізіледі.

 

V. Олимпиаданың өту тәртібі

11. Олимпиада келесі бағыттар бойынша өтеді:

Даярлық тобы- «Тілашар/АБВГД», «Қазақ/Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Қызықты математика», «Мен әлемді танимын», «Легошығармашылық».

1 сынып- «Сауаттылыққа үйрену», «Қазақ/Орыс тілі», «Стандартты емес есептерді шешу»,  «Мен әлемді танимын», «Легоқұрастыру», «Инженерлік есептердің шығармашылық шешуі»

«Қазақ/Орыс тілі» пәніне қатысатын оқушылар үшін ана тілі қазақ/орыс тілдері болмауы қажет.

12. Олимпиаданың тапсырмалары екі бөлімнен тұрады: жалпы эрудиция және тәжірибелік қабілеттер.

13. Олимпиаданың тапсырмаларын орындау үшін қатысушыда өзімен бірге қаламсауыт (2 жай қарындаш, түрлі-түсті қарындаштар, өшіргіш, сызғыш, ұштағыш), қарындаш-желім, қара фломастер, қайшы болуы тиіс. «Легошығармашылық» пәнімен LEGO DUPLO құрастырғышы (мектептен 1 жинақ), «Легошығармашылыққа» LEGO құрылыс кірпіштері (мектептен 1 жинақ) болуы тиіс.

14. Олимпиаданың өту түрі – күндізгі.

15. Олимпиаданың ұзақтығы – 50 минут.

16. Олимпиадаға қатысуға өтінімдер білім бөлімдері басшыларының қолымен үлгіге сай 2018 жылдың 29 наурызына дейін  vk_daryn@mail.ru электронды поштасына жіберіледі. Қосымша ақпараттарды 8/7232/700-244, 74-22-66 телефондары бойынша алуға болады.

 

VI. Олимпиадаға басшылық ету

18. Олимпиаданың дайындау мен өткізуді Ұйымдастыру комитеті басшылық жүзеге асырады. 

19. Ұйымдастыру комитеті:

• әділқазылар алқасының құрамын, өткізу бағдарламасын, олимпиаданың тапсырмаларын, олимпиадан өткізу ережелерін, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды және бекітеді;

• Олимпиаданың өтуі туралы ақпараттық хат дайындайды;

• Олимпиада Ережесінің талаптарына сәйкес қатысушылардың тіркелуін жүргізеді;

• қатысушылардың құжаттарын Олимпиада Ережесінің талаптарына сәйкестігін тексереді;

• Ұйымдастыру комитетінің шешімі хаттамамен толтырылады және ұйымдастыру комитетінің төрағасымен бекітіледі.

20. Әділқазы алқасы Олимпиаданың Ережесіне сай қатысушылардың жұмыстарына бағалау жүргізеді, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің кандидатурасын анықтайды, жалпы командалық орындарды бөледі.

 

VIIҚорытындылау

21. Әр пәннен Олимпиада жеңімпазы ең көп ұпай саны бойынша анықталады.

22. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Қатысушыларға сертификаттар беріледі.

23. Ұпайлардың саны бойынша жалпы командалық орын беріледі. Жеңімпаз командалар жалпы есепте (I, II, III орын) Құрмет грамоталарымен марапатталады.

1 қосымша

Олимпиадаға қатысу туралы өтінім үлгісі

__________________________________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)

2018 жылғы «Зияткер» желілік кешені мектептерінің балалары үшін«Тілашар» облыстық олимпиадасына қатысуға өтінім

Команда ________________________________________________________

                                                (команданың аты)

Қатысушының аты-жөні

Аудан (қала)

Мектеп

Сынып

Пән

Оқу тілі

Тәрбиешінің аты-жөні