Қазақстан тарихына деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатындаРеспубликалық ғылыми–практикалық «Дарын» орталығы республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасын (әрі қарай - Олимпиада) өткізетіндігін хабарлайды.
Олимпиада 5-10 сынып оқушылары арасында ақылы негізде (400 теңге) жүргізіледі.
Олимпиада екі айналымда өтеді:
1 айналым – қашықтық, 2018 жылғы 2 наурызда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (Астана уақытымен) www.daryn.kz сайтында онлайн тәртібінде өтеді. Тапсырмаларды орындауға – 60 минут уақыт беріледі.
2 айналым – қорытынды, 2018 жылғы 6-8 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында өтеді.
Қашықтық олимпиадаға қатысу үшін: www.daryn.kz сайтының ең жоғарғы панелінде орналасқан «ОНЛАЙН ОЛИМПИАДАЛАР...» атты тақырыпты басу арқылы:
1. тіркелуден өту керек;
2. тіркелуден соң «Нұсқаулыққа» сәйкес, ұйымдастыру жарнасын (400 теңге) қатысушы өзінің ЖСН нөмірін теру арқылы Qiwi терминалынан төлеу қажет;
3. тапсырмаларды орындау үшін «КІРУ» сілтемесіне кіру.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО дипломдарымен, мұғалімдер грамоталармен марапатталады.
Толық ақпарат www.daryn.kzсайтында орналасқан.