+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Балалар бастауы – 2018» республикалық қоғамдық жобалар байқауының облыстық кезеңін өткізу ЕРЕЖЕСІ
22 Ақп, 15:07

І. Жалпы ережелер

1.1. «Балалар бастауы – 2018» республикалық қоғамдық жобалар байқауының (әрі қарай – Байқау) облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ережесі облыстың 11-18 жастағы жалпы білім беретін және мамандандырылған мектеп оқушылары, сонымен қатар, интернат мекемесінің оқушылары, балалар үйінің тәрбиеленушілері және мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.

1.2. Байқаудың басты мақсаттары мен міндеттері: балалар бойында белсенді азаматтық позицияны тәрбиелеу; өз қаласының, ауылының өміріне қатысу құқығымен қамтамасыз ету; өмірлік басымдықтарды дұрыс таңдау дағдыларына баулу; балалар бастамасын жүзеге асыратын алаң құру. 

1.3. Байқау ШҚО ББ Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен (әрі қарай – Орталық) өткізіледі. 

1.4. Байқауды дайындау және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру мен жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитетінің құрамы (әрі қарай – ұйымдастыру комитеті) бекітіледі.

2. Байқаудың ұйымдастыру комитеті

2.1. Байқаудың облыстық ұйымдастыру комитеті:

1) берілген Ережеге сәйкес Байқаудың өтуін қадағалайды;

2) Байқауға басшылық жасайды;

3) Байқаудың қазылар алқасының құрамы және саны бойынша ұсыныс жасайды;

4) Байқау қорытындысын талдайды және жалпыландырады.

2.2. Байқаудың облыстық кезеңінің қазылар алқасының құрамына төраға мен қазылар алқасының мүшелері кіреді.

2.3. Қазылар алқасының құрамына жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, жоғары санатты әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер мен білім басқармасы органдарының өкілдері, сондай-ақ, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпаздары кіруі мүмкін. Олимпиаданың аймақтық кезеңіне оқушылары қатысатын мұғалімдер қазылар алқасына енгізілмейді.

2.4. Байқаудың қазылар алқасы:

1) Байқаудың облыстық кезеңнің жұмыстарын бағалау критерийін бекітеді, жұмыстарды бағалайды;

2) қатысушылардың жұмысын бағалауда даулы мәселелерді талқылайды, қажет болған жағдайда сәйкес түзетулер енгізеді;

3) жеңімпаздарды анықтайды және олардың тізімін бекітуге ұсынады;

4) республикалық байқау қатысушыларының құрамын облыстық ұйымдастыру комитетімен бірлесе анықтайды. 

3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Байқау орта және жалпы орта білім бағдарламалары бойынша, тиісті білім басқармасы мекемелерімен төрт кезеңде өтеді:

I кезең– мектепшілік, білім беру мекемелерінде;

II кезең – қалалық (аудандық, 2018 жылы 9 ақпаннан 10 наурызға дейін);

III кезең – облыстық (2018 жылы сәуірдің І онкүндігі);

IV кезең – республикалық (қорытынды, 2018 жылдың 1 маусымы).

3.2. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында«Балалардың заманауи бастамалары – Рухани жаңғыру негізі» тақырыбы бойынша өткізіледі. Байқау келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1) «Туған жер және тарихи құндылықтар» (өзінің Отанының (кіші отаны) тарихын зерттеу және сақтау туралы жобалар);

2) «Табиғатты сақтай отырып, Отанымызды сақтаймыз»(экология және кіші Отанды сақтауға байланысты мәселелерді шешу туралы жобалар);

3) «Өз Отанымызды қалаймыз – Қазақстанды қалаймыз»(туған өлкенің мектептері жанындағы аумақтарды және көшелерді, сынып бөлмелерін, сауықтыру орталықтарын абаттандыру туралы жобалар);

4) «Қазақстанның киелі жерлері» (киелі жерлер, ескерткіштер, ғимараттар, көне қалаларды  зерттеу және сақтау туралы жобалар);

5) «100 жаңа есім»(Қазақстанның келбетіде көрініс тапқан тұлғаларды зерттеу, игі істерін насихатту туралы жобалар);

6) «Ұлттық сана және ұлттық дәстүр» (ұлттық сана, салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетімізді сақтау және жаңғырту бойынша жобалар);

7) «Латын әліпиі»(латын әліпбиіне көшудегі, оқытудағы мәселелерді зерттеу және оңтайландыру, артықшылықтары мен кешіліктері туралы жобалар);

8) «Жастар және азаматтық бастамалар» (балалардың өзін-өзі басқару органдарын қалыптастыру, адамдар арасында және қоғамда толеранттылықты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік тілге қормқорлық, жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру туралы жобалар және т.б.);

9) «Алға қадам» (жастарға өз қызығушылықтарын жүзеге асыруға көмекке, ерекше қорғауды қажет ететін адамдарға қамқорлыққа бағытталған жобалар ).

3.3. Байқаудың облыстық кезеңіне 11-18 жастағы жалпы білім беретін және мамандандырылған мектеп оқушылары, сонымен қатар, интернаттық мекемелердің оқушылары, балалар үйінің тәрбиеленушілері және мүмкіндігі шектеулі балалар қатысады.

3.4. Жобалар қағаз және электронды түрде (флеш-картада немесе CDдискте) қабылданады.

3.5. Байқау жобаларына қойылатын талаптар:

- жобаның көлемі А4 форматта 10 беттен кем және 20 беттен артық болмауы керек;

- Times New Roman қаріпі, 14 кегль, бір жоларалық интервал.

3.6. Жобалық жұмыстар жеке немесе топпен (2 қатысушыдан кем емес) орындалуы  мүмкін. 

3.7. Жеке жобаны таныстыруға және қорғауға 5-7 минут, ал топтық жобаға 7-10 минут беріледі. Байқау жұмыстарын қорғауды Power Point-тағы слайдтық презентациямен немесе бейнебаянмен жүзеге асыруға болады.

3.8. Байқау жұмысының негізгі бетінде жоба атауы, автордың немесе авторлардың аты-жөні, жасы, жобаның жетекшісі және қала (аудан) атауы беріледі.

3.9. Байқау жұмыстарын бағалаудың негізгі критерийлері:

- қойылған мәселенің өзектілігі және маңыздылығы;

- мәселенің әлеуметтік маңыздылығы;

- жобаны орындаудағы дербестік;

- шынайылық, үнемділік;

- практикалық нәтижелері.

3.10. Байқаудың Республикалық кезеңіне нәтижеге сәйкес облыстық кезеңнің жеңімпаздары, облыстан 3 қатысушыдан артық емес қатысады.

3.11. Байқау қатысушыларының команда жетекшісі Байқауға келу жолда, Байқау өту кезінде және тұрғылықты жерге қайтар жолда оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

4. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау

4.1. Байқаудың облыстық кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі. Жүлдегерлер дипломдармен, грамоталармен марапатталады.

5. Қаржыландыру

5.1. Байқауды қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес Орталықпен жүзеге асырылады.

5.2. Байқауға қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары жіберуші білім мекемелерінің есебінен жүзеге асырылады.