+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептері мен лицейлерінің 5-6 сынып оқушыларына арналған облыстық кешенді олимпиаданы өткізу Ережесі
19 Ақп, 17:39

1. Жалпы ережелер

Берілген Ереже Шығыс Қазақстан облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептері мен лицейлерінің 5-6 сынып оқушыларына арналған облыстық кешенді олимпиаданың (бұдан әрі – Олимпиада)мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырылуын, өткізу және қаржыландыру тәртібін, қатысу мен олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.

Олимпиаданың ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ӨҒПО) болып табылады.

Олимпиада оқушылардың зияткерлік дамуын ынталандыру, дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау көрсетудің инновациялық даму жүйесін жетілдіру, облыстың олимпиадалық резервін қалыптастыру мақсатында өтеді.

Олимпиаданың негізгі міндеттері:

- оқушылардың зияткерлік олимпиадаларға қатысуын белсендіру;

- оқушылардың дербес түрде білім алу дағдыларын дамытып, оларды күнделікті өмірде қолдануға бейімдеу;

- терең білімді және білімін шығармашылықпен қолдануға қабілетті дарынды балаларды анықтап, ынталандыру.

Олимпиаданың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

2. Олимпиада қатысушылары

Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептері мен лицейлерінен 5-6 сынып оқушылары қатысады.

3. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

Олимпиада математика, биология және жаратылыстану пәндері бойынша өтеді.

Әр лицей, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім мекемелері мекемелерінен олимпиадаға қатысу үшін оқу тіліне қарамастан құрамында 4 оқушысы бар бір команда (5 сынып –2 оқушыдан, әр пән бойынша 1 оқушы: математика, жаратылыстану; 6 сынып – 2 оқушы: әр пәнге – 1оқушы: математика, биология) және 1 жетекшішақырылады.

4. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

Олимпиада қорытындысы бойынша әр пән бойынша 1, 2, 3 жүлделі орын алған қатысушылар марапатталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталады. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификат табысталады.

5. Қаржыландырылу

Шараны қаржыландыру бекітілген смета шегінде жүзеге асырылады.

Олимпиадаға қатысушылар мен олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (барып-қайту жолы) жіберуші жақтың есебінен өтеледі.