Дарынды балалар, облыстық зияткерлік конкурстардың жеңімпаздары тариxи қала Санкт-Петербургке «Science Travel» халықаралық мектебінің ғылыми-танымдық ауысымана аттанды. Саяxат барысында балалар тамаша қаланың көрікті жерлерімен танысып, мәнерлеп оқу және интербелсенді жобалар конкурстарына қатысты.
Оқушылар Петропавл қорғанына, А.С. Пушкин ат. мемориалды мектеп-лицейіне және мұражай-пәтерге, Исаакиев және Казан шіркеулеріне, сонымен қатар, мемлекеттік Эрмитажға саяхаттады.
Сонымен қатар, ШҚО оқушылары ғылыми-танымдық ауысым аясында Санкт-Петербуг қ. мектеп оқушыларымен бірлесіп тарих және математика пәндерінен олимпиадаға қатысты.
Олимпиада барысында балалар тапсырмалардың дұрыс шешу жолдарын сәтті тауып, өздерінің жоғары және сапалы білімдерін көрсете алды.
Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Марусова Виктория – Зырян ауданы, И.В. Инюшин ат. ОМ 8 сынып оқушысы (тарих);
- Құмарова Айым – Өскемен қ., ДБА Жамбыл ат. ОММГИ 11 сынып оқушысы (тарих);
- Ахмадиев Даулет – Көкпекті ауданы, №1 Самар ОМ 9 сынып оқушысы (математика).
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Өмірбекова Аружан – Жарма ауданы, Ақтайлақ би ОМ 7 сынып оқушысы (тарих);
- Нұрахметов Рахат – Глубокое ауданы, О..Бөкей ат. ОМ 10 сынып оқушысы (тарих, математика).
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
Мухаметханова Дайана – Бородулиха ауданы, Н. Островский ат. ОМ 8 сынып оқушысы (тарих);
Каукен Нұркен – Аягөз ауданы, Ақши ОМ 9 сынып оқушысы (тарих);
Аққазықызы Жансая – Тарбағатай ауданы, Қ. Сәтпаев ат. ОМ 9 сынып оқушысы (математика).
Сонымен қатар, біздің балаларымызды мақтан тұтуға себеп беретін «Друзья, прекрасен наш союз!» мәнерлеп оқу конкурсының және интербелсенді жобаларды қорғау конкурсының нәтижелері жарияланды.
Мәнерлеп оқу конкурсының қорытындысы бойынша Ахмадиев Даулет – Көкпекті ауданы, №1Самар ОМ 9 сынып оқушысы жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломды иеленді. Аққазықызы Жансая – Тарбағатай ауданы, Қ. Сәтпаев ат. ОМ 9 сынып оқушысы ІІ дәрежелі дипломды жеңім алды. Және ІІІ дәрежелі дипломмен Өмірбекова Аружан – Жарма ауданы, Ақтайлақ би ОМ 7 сынып оқушысы марапатталды.
Өз жобаларын лайықты қорғай алған жас ғалымдар мен шешендер келесі нәтижелер көрсетті:
І дәрежелі дипломмен Құмарова Айым – Өскемен қ., ДБА Жамбыл ат. ОММГИ 11 сынып оқушысы;
ІІ дәрежелі дипломмен Мухаметханова Дайана – Бородулиха ауданы, Н. Островский ат. ОМ 8 сынып оқушысы;
ІІІ дәрежелідипломмен Ахмадиев Даулет – Көкпекті ауданы, №1 Самар ОМ 9 сынып оқушысы марапатталды.
Ауысымға қатысу балаларға жаңа достармен танысу және қызықты шаралардың қатысушы атану мүмкіндігін сыйлады.





