Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізу ережесі
І. Жалпы ережелер
1.Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Конкурс) жыл сайын Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының (бұдан әрі – білім басқармасы) Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» орталығы) өткізеді.
2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;
- ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;
- облысымыздың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
3. Ғылыми жобалар Конкурсқа 16 секциядан тұратын 4 бағытта қатысады:
І бағыт «Ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны»
Секциялар: физика;техника;Жер және Космос туралы ғылымдар.
ІІ бағыт «Экономикалық және әлеуметтік процесстердегі математикалық модельдеу»
Секциялар:математика;қолданбалыматематика;информатика; экономика.
ІІІ бағыт «Таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі»
Секциялар: химия;биология; қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау.
ІVбағыт «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»
Секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі.
4.Конкурскелесі кезеңдер бойынша өткізіледі:
1) бірінші кезең– мектепішілік, білім мекемелерінде қазан айының бірінші онкүндігінде өтеді;
2)екінші кезең – аудандық(қалалық) – қазан айының екінші, үшінші онкүндігінде өтеді;
3) үшінші кезең - облыстық. Бұл кезең екі турда өтеді. Бірінші тур - жоба қорғау - қараша айының үшінші онкүндігінде; екінші тур - бейіндеу пәндері бойынша тестілеу - желтоқсанның екінші онкүндігінде өтеді.
4) төртінші (ақтық) кезең - республикалық кезең. Бұл кезең екі турда өтеді. Бірінші тур - іріктеу (жобаларды алдын-ала сараптау), екінші тур - жоба қорғау (қаңтар - ақпан).
5. Конкурстың I, II, III кезеңдерінің өткізілу мерзімі ШҚО білім басқармасының бұйрығымен анықталады, ал IV кезеңнің өткізілу мерзімі ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына негізделеді.
ІІ. Конкурсқа қатысушылар
6. Ғылыми конкурсқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 8–11 сынып оқушылары қатыса алады. Командалық жобаны екі оқушы ғана орындай алады.
ІІІ. Республикалық ғылыми конкурстың облыстық кезеңін өткізу тәртібі мен шарттары
7. Конкурсқа қатысу үшін барлық оқушыларға зерттеу жұмыстарының тақырыптарын ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығында тіркету қажет. Тіркеуге міндетті түрде көрсетілген нұсқа бойынша аудандық/ қалалық білім беру бөлімінің басшысы немесе облыстық мамандандырылған мектеп директорының қолы мен мөрі қойылған өтінім (1 қосымша), сонымен бірге, ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша есебі (2 қосымша) тапсырылуы керек.
8. Конкурстың екінші кезеңіне бірінші кезең жүлдегерлері қатысады.
9. Конкурстың үшінші кезеңінің алдында облыстық іріктеу кезеңі – жобаларды алдын ала сараптау өткізіледі
10. Әр секцияның сараптау комиссиясының құрамына ғылымның осы саласы бойынша кемінде үш ғалым (маман) кіреді. Іріктеу кезеңінің комиссиясы бағалау өлшемдері мен талаптарына сәйкес ғылыми жобаларды тексеріп, әрбір жобаға өз пікірін жазып, ІІІ кезеңнің 1 турына қатысатын оқушылардың тізімін анықтайды.
11. Облыстық іріктеу кезеңі – жобаны алдын ала сараптау ағымдағы жылдың қараша айында өтеді. Іріктеу кезеңіне ұсынылған ғылыми жоба жұмыстары 27 қазанға дейін тапсырылуы керек.
12. Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері мен облыстық мамандандырылған мектептер 27 қазанға дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) есеп түрлері (3 қосымша);
2) аудандық (қалалық) кезеңдердің қорытындысы бойынша (4 қосымша) хаттамалар мен бағалау парақтары;
3) облыстық кезеңіне (іріктеу) қатысуға сұраныс (5 қосымша);
4) талапқа сай безендірілген оқушылардың ғылыми жобалары (қағаз, электронды нұсқасы), ғылыми ізденістің күнделігі, рецензия, ғылыми жетекшінің пікірі, үш тілде аннотация.
13. Барлық тапсырылған құжаттарға басшының қолы қойылып, ұйымның мөрімен бекітілуі тиіс. Талапқа сай емес және белгіленген уақыттан кейін өткізілген жұмыстар қабылданбайды.
14. Алдын ала сараптау кезеңінің қорытындысы бойынша, ІІІ кезеңнің қатысушылары анықталады. ІІІ кезеңге қатысушылардың тізімі білім басқармасының бұйрығы бойынша бекітіледі.
15. Іріктеу кезеңінің қорытындыларынан кейін аппеляция өткізілмейді. Сараптамаға өткізілген жұмыстар қайтадан қайтарылмайды.
16. Конкурстың ІІІ кезеңінің 1 турында – жоба қорғау жүргізіледі. Жобаны қорғау барысында авторға баяндама үшін 5 минут, ал біріккен авторларға 7 минут беріледі. Конкурсқа қатысушыларға төменде көрсетілгендей талаптарға сай жобаны стендттік қорғау үшін көрнекі құрал-жабдықтар (баннер) дайындау қажет. Зерттеудің қорытындысына қарай қатысушылар макеттер, модельдер, құралдар және т.б. көрсете алады.
17. ІІІ кезеңнің 1 турының жүлдегерлері екінші турға - тестілеуге қатысады. Тестілеу 60 сұрақтан (120 балл) Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында бір уақытта он-лайн режимде жүргізіледі. Орындауға астраномиялық 2 сағат уақыт беріледі.
18. Қатысушылар тестілеудің жалпы балл санынан 50% төмен емес балл жинауы қажет. Командалық жұмыстар үшін өту баллы авторлар жинаған баллдың ортақ арифметикалық баллы болып табылады.
19. Өту балын жинаған қатысушылардың жұмыстары жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар жарысының бірінші турына қатысуға жіберіледі (алдын ала сараптама жүргізу).
ІV. Ғылыми конкурстарға тапсырылатын ғылыми жобаларға қойылатын талаптар
20. Конкурсқа тапсырылатын жұмыстар:
- ғылымның осы саласындағы бұрын танылмаған жекелеген қырларын, фактілерді, құбылыстарды және жаңалықтарды ашатын материалдар болу керек;
- практикалық құндылығы зор, мектеп эксперименттерін жетілдіруге, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға ықпал ететін аппараттар, модельдер мен құралдар конструкцияларын ұсынатын жұмыстар;
- әлеуметтік–экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған компьютерлік модельдер және экономикалық–құқықтық негізі бар жобалар;
- кәмелетке толмағандар үшін рұқсат етілмейтін аппаратуралар, жануарларға қатігездік көрсетілетін, адам денсаулығы және жануарлар үшін зиян келтіретін заттар (улы, радиоактивтік, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық белсенді қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді заттар немесе микроағзалар, вирустар, ішімдік, никотин) пайдаланылатын эксперименттері бар жұмыстар қатысуға жіберілмейді;
- берілген конкурста бұрын қаралған және қорғалған жобалар ғылыми Конкурсқа қатысуға жіберілмейді;
- Конкурстың барлық деңгейлерінде плагиатқа, фальсификацияға, басқа конкурстарға бұрын-соңды ұсынылған жұмысты өз жұмысы ретінде пайдалану немесе ұсынуға жол берілмейді.
21. Ғылыми жобаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- жоба мәтіні компьютерде басылуы керек (14 шрифт, Times New Roman) және келесі құрылымнан тұрады:
- титул парағы;
- мазмұны;
-қазақ немесе орыс тілдерінде (жобаның қай тілде дайындалғанына байланысты), сондай – ақ, ағылшын тілінде абстракт жазылады;
- кіріспе;
- зерттеу бөлімі;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Титул парағында мыналар көрсетіледі:
- жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;
- автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;
- жұмыстың атауы;
- жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
- жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
- қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы;
Абстрактта жобаның қысқаша мазмұны, зерттеудің мақсаты; гипотезасы; кезеңдері, зерттеудің рәсімі; эксперименттің әдістемесі; зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі; жұмыстың нәтижесі және қорытындысы; нәтижелері, практикалық қолдану салалары (250 сөзден артық емес) көрсетілуі керек.
Кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі:
- зерттеу тақырыбының өзектілігі;
- зерттеу мақсаты;
- зерттеу міндеттері;
- зерттеудің объектісі және пәні;
- гипотезасы;
- қойылған міндеттерді шешудің әдістері қысқаша көрсетіледі;
- зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;
- нәтижені практикалық қолдану салалары;
- зерттеудің кезеңдері, тәртібі;
- эксперимент әдісі;
- жұмыстың нәтижесі және қорытынды.
Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке бөлімдерден (параграфтардан) тұруы және келесі құрылымда болуы мүмкін:
- таңдап алынған жұмыстың практикалық құндылығына көз жеткізу мақсатында (міндетін) таңдалған тақырып бойынша нәтижелерге аналитикалық сараптама жасау;
- алға қойылған міндеттерді шешудің әдістерін сипаттау;
- жұмыстың нәтижесін талқылау;
- безендірілген материал (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер, т.б.).
пайдаланған әдебиетке сілтеме төртбұрышты жақшада беру керек, мысалы [1]. Мәтінде кездесетін сілтемелерге орай жүйелі нөмірленуі қажет.
Қорытындынегізгі жұмыстың нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындылары мен тәжірибелік мақсатта қолданылу ұсыныстарын қамтиды (бір беттен артық емес).
Пайдаланған әдебиеттержұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:
- автордың тегі және қысқартылған аты – жөні;
- мақаланың және журналдың аты (журналдық мақалалар үшін);
- журналдың, кітаптың аты;
- басып шығарылған орны және баспа (кітаптар үшін);
- басылған жылы, шығу нөмірі, беті.
Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстар, жетекшінің пікірі қоса берілуі керек.
Ғылыми конкурстардың ІІІ кезеңіне стендке (баннерге) орналастыратындай етіп демонстрациялық материалдарды қолдану қажет.
22. Стендті (баннерді)рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1) Стендтің жоғарғы жағына көлденеңінен:
1. жоба тақырыбы;
2. автордың (авторлардың) аты-жөні;
3. оқу орны туралы мәлімет (аудан/қала, мектеп, сынып);
4. автордың (авторлардың) портреттік суреті;
5. жетекші (мектептегі) туралы (аты-жөні, тегі, жұмыс орны, қызметі), ғылыми жетекші туралы мәлімет (ЖОО ғалымы, жұмыс орны, қызметі, ғылыми атағы) орналастыру қажет.
2) Абстракт:
- жобаның өзектілігі (3-4 сөйлем);
- зерттеу мақсаты;
- зерттеудің міндеттері (үштен артық емес);
- гипотеза;
- объект, зерттеу пәні;
- зерттеу әдістері;
- зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі.
3) Зерттеу бөлімі:
- кестелер, сызбалар, суреттер, диаграммалар, жұмыстың негізгі мазмұнын көрсететін және қорғау кезінде қажетті формулалар;
4) баннерге орналастыратын материалды анықтаған кезде жоба авторларының алған нәтижесінің маңыздылығын ескеру қажет.
Баннеркөлемі– 180* 80см.
23. Ғылыми жоба нәтижелерінің нақтылығы мен мүлтіксіздігіне, диплом жұмыстарынан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерінен көшірілген нәтижелер еместігіне жауапкершілік ғылыми жетекшілеріне жүктеледі. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызмет дағдыларын ала отырып өз қолынан келетін жұмысты орындау керек.
V. Жеңімпаздарды марапаттау
24. Ғылыми жобалар конкурсының ІІІ кезеңнің 1 турына қатысушылардың барлығына сертификаттар беріледі.
25. Облыстық кезең жүлдегерлерінің саны әр секция бойынша барлық қатысушылар санының 40%-н құрайды. Ғылыми жобалар Конкурсының ІІІ кезеңінің 1 тур жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
VI. Қаржыландыру
26. Шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.
27. Облыстық конкурсқа қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары (екі жаққа жол шығыны) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.
Жалпы білім беретін пәндер
бойынша облыстық ғылыми
жоба конкурстарын ұйымдастыру
және өткізу қағидасына қосымша
Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық ғылыми
жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізімі
|
Секциясы |
Пәні |
|
1.Физика |
Физика |
|
2.Техника |
Физика |
|
3.Жер және ғарыш туралы ғылымдар |
Физика |
|
4.Математика |
Математика |
|
5.Қолданбалы математика |
Математика |
|
6.Информатика |
Математика, Информатика |
|
7.Экономика |
Математика, География |
|
8.Биология |
Биология |
|
9.Химия |
Химия |
|
10.Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау |
Биология |
|
11.Тарих |
Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы |
|
12.Адам және қоғам |
Дүниежүзі тарихы және адам және қоғам |
|
13.Өлкетану |
География және Қазақстан тарихы |
|
14.Әдебиет |
Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті |
|
15.Этномәдениеттану |
Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті |
|
16.Тіл білімі |
Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын, неміс және француз тілдері. |
Жалпы білім беретін пәндер
бойынша республикалық ғылыми
жоба конкурстарын ұйымдастыру
және өткiзу қағидасына
2-қосымша
Оқушылардың жобаларынбағалау өлшемдері
|
Бағаланатын өлшем |
Мүмкін бағалар |
Бағалау негіздемесі |
|
1. 1. Шығармашылық қабiлеттiлiгі
|
Жеке жұмыс үшiн 30 балл, командалық жұмыс үшiн 25 балл
|
Егер жұмыс автор(лар)ы проблеманы шешудiң жаңа ғылыми тәсiлiн жасауда шығармашылық қабiлеттiлiк танытса, жеке жұмыс үшiн 25-30, командалық жұмыс үшiн 20-25 балл қойылады. Егер автор(лар) мәлiметтердi талдаудың жаңа қондырғылар жасау немесе жаңа тәсiлiн қолдануда шығармашылық қабiлеттiлiк танытса, жеке жұмыс үшiн 20-25, командалық жұмыс үшiн 15-20 балл қойылады. Егер автор(лар) мәлiметтердi өзiнше түсiндiруде шығармашылық қабiлеттiлiк танытса, жеке жұмыс үшiн 10-20, командалық жұмыс үшiн 10-15 балл қойылады. Егер жоба реферативтi сипатта болса, 10 балға дейiн қойылады. |
|
2. Ғылыми ойлау |
Жеке жұмыс үшiн 30 балл, командалық жұмыс үшiн 25 балл
|
Жекелеген өлшемдердің әрбiрі жеке зерттеу жұмысы үшін 3 балл және командалық зерттеу жұмысы үшiн 2,5 балл көлемiнде бағаланады. Ғылыми жоба үшiн: 1) қарастырылып отырған проблема қаншалықты айқын және нақты ұсынылған; 2) жоспарланған ғылыми нәтиже алу мүмкiндiгi мол болуы үшiн шешетiн міндет қаншалықты айқын көрсетiлген; 3) міндетті шешудiң нақты жоспары бар ма; 4) міндетті шешуде ауыспалылықтар нақты анықталған ба; 5) автор нәтижелердi кезең-кезеңімен тексерудің қажеттiлiгiн (егер ол қажет болса) көре алды ма және оны дұрыс қолданды ма; 6) қорытындыны нақтылау үшiн мәлiметтер сәйкес таңдалған ба; 7) автор(лар) мәлiметтердiң қорытынды үшiн шектеулілігін мойындай ма; 8) автордың (команда) мәселенi шешуге кепiлдiк беретiн зерттеудiң келесi кезеңi турасында идеясы бар ма; 9) автор(лар) ғылыми әдебиеттерден немесе тек қана көпшiлiк әдебиеттерден дәйексөз келтіреді ме. техникалық жоба үшiн: 1) жұмыс мақсаты қаншалықты айқын; 2) жаңалықтың әлеуетті тұтынушылары бар ма; 3) нәтиже өмiрде iске аса ма; 4) үнемдi орындалған ба; 5) әлеуетті тұтынушыға тиiмдi ме; 6) нәтиже түпкiлiктi қойылған мәселенi шешуде жетiстiкпен қолданыла ма; 7) техникалық шешiмнің шын мәнiнде алдыңғы белгілі нұсқаларымен салыстырғанда елеулi артықшылығы бар ма; 8) нәтиже нақты жағдайда тексерiлген бе; 9) зерттеудiң келесi кезеңiне байланысты мәселенi шешуге кепiлдiк беретiн автордың (команданың) идеясы бар ма; 10) автор(лар) ғылыми, әдебиеттерден немесе тек қана көпшiлiк әдебиеттен дәйексөз келтіреді ме. |
|
3. Қолданылған зерттеу әдiстерiнiң тиiмдiлiгi |
Жеке жұмыс үшiн 15 балл, командалық жұмыс үшiн 12 балл
|
Егер зерттеу жұмысының автор(лар)ы жұмыс барысында бiлiмнің саласында мүлдем жаңа нәтижелер алуға мүмкiндiк беретiн қазiргi тиiмдi қондырғыларды немесе қазiргi теориялық әдiстердi пайдаланса, жеке жұмыс үшiн 10-15 балл, командалық жұмыс үшiн 10-12 балл қойылады. Егер зерттеудiң бұрынғы (ескірген) әдiстерiн пайдаланып, бiрақ жаңа нәтиже шығарылса жеке жұмыс үшін 5-10 балл, командалық жұмыс үшін 5-10 балл қойылады. Егер жұмыс реферативтi сипатта болса, 5 ұпайға дейiн қойылады. |
|
4. Тақырыпты ашу дәрежесi (жете ашуы)
|
Жеке жұмыс үшiн 15 балл, командалық жұмыс үшiн 12 балл
|
Бұл параметр үшiн баға жекелеген өлшемдер бойынша бағалар негiзiнде қойылады: 1) жұмыс жоспарланған деңгейге дейiн жеткiзiлген бе; 2) шешілетін проблема қаншалықты толық қамтылған; 3) қорытынды жекелеген тәжірибеге негiзделген бе, әлде қайталанған ба; 4) материал жобада қаншалықты айқын және нақты берiлген; 5) автор(лар) мәселенi шешудiң басқа тәсiлдерiн бiле ме; 6) автор(лар) зерттелiп отырған проблема бойынша ғылыми әдебиеттермен қаншалықты таныс. Әрбір өлшем бойынша жеке жоба үшін ең көбі 2,5 балға дейін, командалық жұмыс үшін ең көбі 2 балл қойылуы мүмкін. |
|
5. Шешендiк шеберлігі, ұсынылатын материалдың сапасы, айқындылығы
|
Жеке жұмыс үшiн 10 балл, командалық жұмыс үшiн 10 балл |
Бұл параметр үшiн баға жекелеген өлшемдер бойынша бағаларды ескере отырып қойылады: 1) автор(лар) жұмысты қандай дәрежеде айқын және ұтымды баяндай алады (3 балл); 2) баяндамада жоба материалы қандай дәрежеде толық баяндалған (2 балл); 3) жобаның негiзгi жерлерiн қаншалықты баса көрсете алған (1 балл); 4) жобада қолданылған тәжірибелік мәлiметтер қаншалықты нақты және айқын ұсынылған (1 балл); 5) жоба нәтижелерi қаншалықты айқын және нақты көрсетiлген (1 балл); 6) жоба нәтижелерiн стенд қаншалықты жақсы ұғындырады (2 балл). |
|
6. Команда мүшелерiнiң үйлестiру деңгейi (тек командалық жұмыстар үшін)
|
Барлығы 16 балл
|
Бұл параметр үшiн баға жекелеген өлшемдер бойынша бағалар негiзiнде қойылады: 1) жалпы жұмыста әр қатысушының мiндеттерi қаншалықты айқын және нақты белгiленген (4 балл); 2) команданың әр мүшесi команданың барлық жұмысымен қаншалықты таныс (3 балл); 3) аяқталған жұмыс команда мүшелерiнiң күш-жiгер үйлесiмдiгiн қаншалықты көрсеттi (3 балл); 4) команданың әр мүшесi жұмыс материалын қаншалықты жақсы баяндайды (3 балл); 5) берiлген жобаны командамен орындау қаншалықты қажет болды (3 балл) немесе бұл нәтижелердi жекелей алуға болатын ба едi (0 балл).
|
(Әрбір өлшем үшін қойылатын барынша көп балдар көрсетілген)
БАРЛЫҒЫ: 100 балл