+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Тәрбие және білім» Ішкі бағдарламасы аясында «Менің Отаным - Қазақстан» жас өлкетанушы-экологтар мен натуралистердің облыстық форумын өткізу туралы Ережесі
28 Там, 08:16

1. Жалпы ережелер

1.       Осы Ереже «Менің Отаным – Қазақстан» жас өлкетанушы-экологтар және натуралистердің облыстық форумының (бұдан әрі – Форум) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау, өткізу тәртібі және қаржыландыру, конкурсқа қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.

2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық орталығы (бұдан әрі - Орталық) болып табылады.

3. Форумның мақсаты ̶ мектеп оқушыларын экологиялық білімге тарту; шығармашылық, зерттеу және әлеуметтік-практикалық экология және жергілікті өлкетану қызметі арқылы оқушылар арасында белсенді өмір мен азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру.

4. Форумның міндеттері:

-    жер ресурстарын, экологияны, қорларды үнемдеуді және қоршаған ортаны қорғауды оқып білуге қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау және қолдау;

- экологиялық, биологиялық және ғылыми-техникалық бағыттардағы оқушылардың озық жобалау және зерттеу идеялары мен бастамаларын анықтау және ынталандыру;

-    оқушыларды қоршаған ортаның экологиялық жағдайын, мәселелерін шешу , қорларды үнемдеуді және табиғатты қорғау жөніндегі жұмыстар бойынша тарту;

-    оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

-    өскелен ұрпақтың бойына Отанға, жерге, кіші Отанына деген махаббаттын қалыптастыру.

Форум өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады. 

2. Форумды ұйымдастыру комитеті

5. Форумды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (әрі        қарай – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастырушы комитет:

-  Форумның дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Форумға қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды;

- Форумды өткізу барысындағы конкурстардың  қазылар алқасының құрамын жасайды және бекітеді;

-  іс-шараның түрлерін, өткізу формасын анықтайды;

- Форумның қорытындысын талдайды және жалпылайды;

- Форумның дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.

3. Форумға қатысушылар

6. Форумға ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары қатыса алады.

4. Форумның ұйымдастыру және өткізу тәртібі

7. Форум география және биология бойынша бағдарламаны қамтиды.

8. Форум үш кезеңде өтеді:
Бірінші кезең- мектепішілік іріктеу (4 қыркүйек, 2017 жыл).
Мектепішілік іріктеу кезеңінің форматы – «Шығыс Қазақстан облысының табиғаты» экологиялық және биологиялық олимпиадасы.

Олимпиаданың сұрақтары география және биология бойынша бағдарламаны қамтиды. Олимпиада тапсырмаларын мектеп қамтамасыз етеді.

Форумның мектепішілік іріктеу кезеңінің жеңімпаздары аудандық/қалалық іріктеу кезеңіне қатысады.

Екінші кезең– аудандық/қалалық іріктеу (6 қыркүйек 2017 жыл).
Аудандық/қалалық  іріктеу кезеңінің форматы - «Болашаққа қадам» әлеуметтік маңызы бар экологиялық жобалар байқауы.

Форумның аудандық/қалалық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.

Үшінші кезең– облыстық (13-15 қыркүйек, 2017«Дарын» ШҚ ӨҒПО, Таулы Үлбі базасында).

9. Қатысушылардың келу күні - 13 қыркүйек, қайтуы – 15 қыркүйек.

10. Форумға қатысу (1-қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларымен бекітілген форумға қатысу туралы сұранысты 2017 жылғы 7 қыркүйекке дейін мына мекен-жайға жіберу қажет: Өскемен қ. Абая к.21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.

Сұранысқа қоса тіркеледі:

1)       ұйымдастыру бойынша мектепішілік іріктеу аудандық/қалалық іріктеу кезеңін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есебінің формасы:

«Шығыс Қазақстан табиғаты» экологиялық және биологиялық олимпиаданың қорытындысы аудандық/қалалық

				Білім беру ұйымының атауы
				Қатысушылардың жалпы саны

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жалпы саны

Байланыс телефоны

1

2

3

4

5

1

   

 

 

2…

   

 

 

аудан/қала бойынша қорытынды:

 

 

 

2)аудандық/қалалық кезеңінің ұйымдастыру және өткізу туралы есебі:

«Болашаққа қадам»әлеуметтік маңызы бар  қоршаған ортаны қорғау жобалар байқауының қорытындысы аудандық/қалалық

				Білім беру ұйымының атауы
				Қатысушылардың жалпы саны

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жалпы саны

Байланыс телефоны

1

2

3

4

5

1

   

 

 

2

   

 

 

аудан/қала бойынша қорытынды:

 

 

 

аудандық/қалалық конкурс жеңімпаздарының ТАӘ аты жөні және жоба тақырыптары

 

 

 

3) аудан/қалалар қатысушылар тізімі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, топ жетекшісінің аты, әкесінің аты және лауазымы.
11. Әр аудан / қала командаларының саны, мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардын сандық құрамы 7 адам: 6 қатысушы және 1 жетекші.
12. Форумға қатысушылардың өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұратын жеріне дейін қайтар жолындағы өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне топ жетекшісі жауапты болады.
13. Форумға келіп жеткен соң топ жетекшісі ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:
1) форумға қатысу жөніндегі бұйрықтын көшірмесін;
2) қатысушылар туралы мәліметтен (тегі, аты-жөні, туған жылы, сыныбы, оқу орны мен білім беру ұйымдарының мекенжайы, телефоны, жұмыстың аты, номинациясы, топ жетекшісінің аты жөні, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);
3) дәрігерлік анықтама (әр қатысушыға) 
4) қатысушының жеке төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
14. Қала / аудан қатысушыларының әр командасының бірыңғай формасы мен эмблемасының болуы .

5. Форумды өткізу шарттары

 
15. Форумға келесі бөлімдер бойынша жеке және топтық жұмыстарды ұсынады:
1) «Эконысан. Менің кіші Отаным» конкурстық бейнелер (13 қыркүйек, 2017) – топтық қатысу. Туған өлкенің табиғи мұрасын, туған өлкені сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған экологиялық іс-шаралар туралы, жасыл қорды сақтау, қоршаған ортаны қорғауға және т.б. өз үлесін қосқан адамдар жайлы мағынасын ашатын бейне-репортаждар.
Бейнеролик 2017 жылы Форум қатысушыларымен түсірілген болуы қажет. Бейнероликтің  ұзақтығы 3-5 минут.
Бейнероликті қазылар алқасы келесі критерийлерді: сюжеттің конкурстың тақырыбына сәйкестігі, бейнематериалдың уақыт шектеуінің, тақырыптың толық ашылуы, стилистикалық шешімі, әлеуметтік маңыздылығы, бейне түсірілімдердің толық сапасы, бейнематериалды жасауда форум қатысушыларының қатысуын ескере отырып жиырма баллды жүйе бойынша бағалайды.
2) «Экология. Технология. Өмір» шығармашылық жұмыстар көрмесіне командалық қатысу. 2017 жылдың 14 қыркүйегінде Форум қатысушылары көрмені монтаждайды. Қатысушылар көрме жұмыстарын ұсынады және қорғайды.Орындау техникасы және ұсыну формасы ерікті суреттер, стендтік баяндама, бұқаралық ұсыну, баннер, макеттер, қолдан жасалған бұйымдар, фотосуреттер жəне т.б. 
Көрмеге ұсынған барлық жұмыстарды 10х15 см өлшемді визит картасымен безендіріп, атын, авторын және жетекшісін, білім беру ұйымын, атауын, номинациясын және жұмысының түйіндемесін көрсете отырып, 2017 жылғы қатысушылар жасайды.
Көрме жұмысын  мынадай критерийлерді; көрме тақырыбына сәйкестігі, эстетикалық безендірілуі, орындалған жұмыстың практикалық маңыздылығы, орындау сапасы, идеяның мазмұндылығы және мақсаттылығы, композициясы, жасампаздығы, техникасын ескере отырып, қазылар алқасы жиырма баллды жүйе бойынша бағалайды. 
3)«Менің Отаным – Қазақстан» ғылыми-практикалықконференция (2017 жылдың 14 қыркүйегі) – жеке және ұжымдық қатысу (1 топтан кем дегенде              1 баяндама, бірақ бір қатысушыдан 1 баяндамадан аспауы қажет).  
Ғылыми-практикалық конференцияның бөлімдері:
-     «Жануарлар экологиясы. Зоология»;
-     «Өсімдіктер экологиясы. Ботаника» (жоғары өсімдіктер,төменгі өсімдіктер, саңырауқұлақтар);
-     «Жалпы экология»;
-     «Ландшафтықэкология және геоботаника»;
-     «Экологиялық туризм»;
-     «Жасанды тіршілік ортасы Жануарлар»;
-     «Экологилықмониторинг»;
-     «Денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау»
-     «Жер туралы ғылымдар» (геология, топырақтану, палеонтология)
-     «Табиғатты қорғау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы зерттеулер» 
Баяндамаға берілген уақыт, демонстрациялық материалды пайдалана отырып 3-4 минут. Ауызша баяндауға мақала мәтінін қазақ немесе орыс тілдерінде қағазға бастырылған және электронды нұсқада дайындау қажет (электронды нұсқасын дискіге жазып, материалға бекітіп қою керек).
Мақалаларды рәсімдеу талаптары:
-     Құжат форматы: Windows үшін Word кеңейту Doс
-     Ұсынылған көлемі 3-тен 5 бет
-     Формат А4 (шрифт Times New Roman,  шрифт көлемі - 14, интервалдан кейін 1,5)
-     Парақтың параметрлері: мәтіннің сол жағынан - 30 мм, оң - 15 мм, жоғарғы және төменгі - 25 мм.
-     Шегінісі (тармақ) - 1,25 см
Мәтіннің орналасу (құрылымы) тәртібі:
-     мақаланың атауы (бас әріптермен, қалың әріппен, ортада) ;
-     бөлім (курсивпен, сол жақта);
-     автордың(лардың) аты-жөні (курсивпен сол жақта);
-     автор (лар) туралы мәлімет:аудандық/қалалық, оқу орны, сыныбы (курсивпен, сол жақ);
-     ғылыми жетекші(лер) туралы мәлімет: ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, облысы/қала; (курсивпен, сол жақ);
-     негізгі мәтін;
-     Әдебиет (көздері);
-     түйіндеме (аннотация) - жұмыстың негізгі ережелерін қазақ немесе орыс тілінде (2-3 сөйлем) қысқаша баяндау (жұмыстын қай тілде жазылуына байланысты);
Сілтемелерді рәсімдеу:
-     Сілтемелер (әдебиетке) дәйексөзден кейін шаршы жақшада мақала ішінде басылады (алдымен дерексөздер нөмірі көрсетіледі, үтірден кейін – бет нөмірі, сілтемені рәсімдеу мысалын қараңыз);
-     бірнеше дерек көздерге сілтемелер беттерімен көрсетіліп өзара нүктелі үтірмен бөлінеді;
Сілтемелер мен әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі:
-      бет белгіленген  бір әдеби дереккөзге сілтеме: [3, б. 121]; 
-     Беттері белгіленген бірнеше әдеби көздерге сілтемелер: [6, б. 56; 12, б.58];
Әдебиеттер тізімін рәсімдеу тәртібі:автордың тегі, аты-жөні, жұмыстың аты тырнақшасыз, басылымның шыққан орны және жері көрсетіледі. Мысал:
-     монография үшін: Хоментовская А.И. Итальяндық гуманист эпитафиясы. - СПб, 1994, 93 бет;
-     мақала үшін: Творогов О.В. "Велесовой книге"жиынтығы // "Велесовой книге"жайлы ғалымдар не ойлайды. Еңбектердің  жинағы. - Санкт-Петербург, 2004, 62 бет.
Баяндамаларды және ғылыми-практикалық конференцияға қатысуды келесі критерийлерді: зерттелген мәселенің өзектілігі, зерттеулердің дәрежесі мен ауқымы, қойылған міндеттердің орындалу нәтижесі, зерттеудің жаңашылдығы, жұмыстың практикалық маңыздылығы, автордың жеке үлесі, мақаланы талапқа сай рәсімдеу, шешендік шеберлігін ескере отырып, қазылар алқасы отыз балды жүйе бойынша бағалайды.
Командалық есепте ғылыми-практикалық конференцияға қатысқаны үшін әр топ отыздан кем емес балл жинай алады. Егер топтан бірнеше баяндама ұсынылса, команда ұсынылған есептердің үлкеніне тең балл алады.
 6. Қорытынды шығару және форум қатысушыларын марапаттау
 16. Форум жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері анықтайды. Қазылар алқасы құрамына: халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиада жүлдегерлерін дайындаған алдынғы қатарлы мұғалімдер; өлкетанушы ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары кіреді.
 7. Форумды қаржыландыру
 17. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ӨҒПО жүзеге асырады.
Форумға қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа жүріп өту) жіберуші жақ есебінен төленеді.