Все
«Балапан» ашық зияткерлік турнирін өткізу туралы
27 Қар, 10:58
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Сіздердің назарларыңызға 2013 жылдың 10 желтоқсанында мектепке дейінгі мекемелер мен білім беру ұйымдарының жоғарғы және дайындық топтарының тәрбиеленушілері үшін ашық зияткерлік «Балапан мектепке дайындал!» турнирін өткізетінін салады.
Шығыс Қазақстан облысындағы Назарбаев университеті күндері аясында өткізілген көрмеге дарынды оқушылардың қатысуы туралы
26 Қар, 06:42
2013 жылы 23 қарашада облыстың дарынды оқушылары ШҚО білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысындағы Назарбаев университеті күндері аясында өткізілген ғылыми жобалар көрмесіне қатысты.
2013 жылдың 21 қарашасы күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде жастармен тағы да бір кездесу өтті. Өскемен қаласындағы ұландық жоғарғы оқу орындарының және колледж студентермен кездесуге Ұлан ауданының әкімі Айдос Қабдуахитұлы Садыков келді.
2013 жылдың 20 қарашасы күні С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Глубокое ауданының әкімі Нұрлыбек Әділғазыұлы Шерубаевтың студенттермен кездесуі өтті.
2013 жылдың 18 қарашасы күні С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Тарбағатай ауданының әкімі Д.Т: Оразбаевтың Өскемен қаласындағы жоғарғы оқу орындарынды білім алып жатқан жерлес студенттермен кездесуі өтті.
Қысқы ғылыми-білімділік және танымдық тур
19 Қар, 09:38
Дарынды балаларды қолдау және олардың дарындылығын дамыту жағдайларын жасау мақсатында дарынды балалармен жұмыс аясындағы Халықаралық қызметтестікті кеңейте отырып, Европада Халықаралық шығармашылық мектептер қатарын және Дүние жүзі бойынша ScienceTravel тәжірибесін жүргізу жоспарланып отыр.
2013 жылдың 23 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2013-2014 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 8-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.
2013 жылы 14 қарашада республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Алатау» шипажайында «Жылдың үздік психологы» республикалық конкурсы өтті
Республикалық шахмат турниріне қатысу қорытындысы
15 Қар, 06:30
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылар
арасында шахматты насихаттау және тарату мақсатында 2013 жылдың 3-9 қарашасы аралығында Астана қаласында халықаралық гроссмейстер Дәрмен Садвакасов кубогына Республикалық турнир өткізді.
Катонқарағай ауданының әкімі Д.А.Тлеубаевтың Өскемен қаласында білім алып жатқан жерлес студенттермен кездесу қорытындысы
15 Қар, 05:46
2013 жылы 14 қарашада С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Катонқарағай ауданының әкімі Д.А.Тлеубаевтың Өскемен қаласындағы жоғарғы оқу орындары мен колледждерінде білім алып жатқан студенттермен кездесуі өтті. Кездесуді ұйымдастырушылар – облыстық білім басқармасы, Катонқарағай ауданының әкімдігі, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.
«Қазақстан – жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсы туралы
14 Қар, 10:41
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы сурет және қолданбалы өнердегі дарынды балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, туған елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан – жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсын өткізетіндігін хабарлайды. Конкурс мерзімі 2013 жылдың 25 қарашасына дейін ұзартылды.
«Қазақстан жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсын өткізу ережесі.
14 Қар, 10:30
Аталған ереже «Қазақстан жаңа әлемде» атты байқаудың мақсаты мен міндеттерін, өткізу ережелері мен шарттарын белгілейді.




