Все
2013 жылдың 3 желтоқсан күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Үржар ауданының әкімі Серік Зинабекұлы Зайнулдиннің студенттермен кездесуі өтті.
Аталған ереже «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты жас ақындар байқаудының мақсаты мен міндеттерін, өткізу ережелері мен шарттарын белгілейді (ары қарай – Байқау)
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай 5-10 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық жас ақындар байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары – Республикалық Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері
09 Жел, 11:36
2013 жылы 04-07 желтоқсанда Н.Ә. Назарбаев өзінің еңбек қызметін бастаған Теміртау қаласында жаратылыстану-математика циклінің пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың ақырғы республикалық кезеңі өтті. Оған Республиканың барлық өңірлерінен 178 дарынды оқушы қатысты. Олимпиада 2008 жылдан бері жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша Президенттің жеке тапсырмасы бойынша өткізіледі. Президенттік олимпиада 2 турда өтті
Оқушылардың инновациялық идеялары – облыстың дамуы үшін
05 Жел, 04:18
2013 жылы 04 желтоқсанда облыстың дарынды оқушылары «Инвестициялар. Инновациялар. Бизнес» Өңірлік форумының аясында өткізілген ғылыми жобалар көрмесіне қатысты.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2013 жылдың 29 қарашасында мектеп оқушылар арасында тұңғыш Президент күніне орай «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» атты облыстық жас журналистер байқауын өткізді.
«Балапан – мектепке дайындал!» облыстық интеллектуалдық турнирін өткізу туралы осы Ереже (әрі қарай – турнир) турнирдің өту тәртібін, мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етуді, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді іріктеу тәртібін анықтайды.
2013 жылдың 26, 27 қараша күндері Өскемен және Семей қалаларында, Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітұлы Сейітовтың жоғарғы оқу орындарында, колледждерде оқитын студенттермен кездесуі болды. Іс-шаралар С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да және Семей мемлекеттік медицина университетінде өтті.
ШығысҚазақстаноблыстықбілім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы 8-11 сынып оқушылары үшiн республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Оқушылардың «ІЗГІЛІК-ӨМІР НӘРІ» Республикалық әлеуметтік жобалар фестиваліне өткізу қорытындысы туралы
29 Қар, 12:22
2013 жылы 19-23 қараша аралығында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру «Бөбек» орталығы «ІЗГІЛІК-ӨМІР НӘРІ» атты Республикалық әлеуметтік жобалар фестивалін өткізді. Фестиваль жұмысына Республикамыздың барлық аймақтарынан 96 оқушы қатысты. Фестивалға құрамында 5 оқушыдан құралған Шығыс Қазақстан облысының командасы қатысты.
«Қазақстан – жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсының қорытындысы
29 Қар, 05:11
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы сурет және қолданбалы өнердегі дарынды балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, туған елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан – жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсын өткізді.
2013 жылдың 22 қарашасы күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Зырян ауданының әкімі Ермек Бидахметович Салимовтың студенттермен кездесуі өтті.




