+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Жармалық оқушылар топ жарды. «Дидар» газеті, №47(17136) , 29 сәуір 2015 жыл, сәрсенбі.
29 Апр, 12:13

Жарма ауданының оқушылары қашан да түрлі деңгейде өтетін сайыстарға  белсене қатысып, топ жарып жүреді. Биыл да жармалық оқушылар 21-31 наурыз аралығында Атырау қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерден өткен республикалық олимпиададан жүлделі оралды.

«Дарын» республикалық ғылыми-тәжрибелік орталығының ұйымдастыруымен болған шараның мақсаты-ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды дамытуға қажетті жағдай жасау.

Олимпиадаға облыс құрамасы қатарында қатысқан Георгиевка орта мектебінің оқушысы Галина Дураченко қазақ тілі пәнінен, ал тарих пәнінен Ержан Жарылғап облыстық пән олимпиадасының женімпаздары атанып, І және ІІ орынды иеленді. Сөйтіп, олар мұғалімдері мен мектебінің ғана емес, аудан мақтанышына айналып отыр. Республикалық олимпиада қортындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы І орынға және «2015жылдың үздік олимпиадалық командасы» атағына ие болды.

                                                                                                             Шығыс-Ақпарат