+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Дидар №62. 04.06.2014 ж. "Жас өнертапқыштарға қолдау көрсету"
04 Июня, 08:52

«Өскемен ЭКСПО-2014»көрмесі аясында облыс орталығында өткен жас өнертапқыштар слетіне аймақтық ауылдары мен қалаларынан 46  оқушы мен студент қатысты.

Көрмеге өздерінің жобаларын ұсынған жас өнертапқыштардың еңбегіне «Қазцинк», «Өскемен ЖЭО», «ШҚ АЭК», «Азия Авто» кәсіпорындарының өкілдерінен құралған сарапшылар тобы баға берді. Облыстық кәсіпкерлер палатасы өнертапқыштар слетіне қатысушыларға өндіріс орындарымен,ғылыми институттармен, түрлі қоғамдық қорлармен бірлесе жұмыс істеуге бағыт- бағдар берді.

Өзіндік жаңалығымен сарапшылардың назарына ілікен жобаның бірі – Өсемендегі №44 мектептің 11 сынып оқушысы Нұрсұлтан Қасымовтың жел генераторы құрлысының жобасы. Жоба иесіне «Азия Авто» кісіпорны атынан сыйға планшет тапсырылды.

«Протон-М зымыраны қондырғысының Шығыс Қазақстан өңірі аймағына құлаған жағдайдағы қоршаған ортаға тигізер техногендік әсері», «Автоматтандырылған энергия үнемдеу технологиялары», «Микробақылаушы негізінде  жұмыс істейтін ультрадыбысты қашықтық өлшегіш» сияқты, басқа да көптеген жобаларға көрмеде жоғары баға беріліп, слетке қатысушы жас өнетапқыштардың бәріне сыйлықтар тарту етілді.

- Ең бастысы- балаларды ынталандырып, бастамаларын жетілдіруге қолдау көрсету. Оларды кәсіпорын өндірістерінде тәжрибелік сынақтан өткізуге көмектесу. Бұл болашақта балалардың ғылыми ізденіс жолына түсіп, жобаларын сәтті де, нәтижелі жүзеге асыруына мүмкіндік туғызады- дейді «Азия Авто» АҚ-ның жалпы мәселелер жөніндегі директоры Иван Хицов.