+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
20 января 2023 года проводится районный/городской этап республиканской юниорской олимпиады по естественно-математическому и общественно-гуманитарному направлению среди учащихся 7-8 классов.
Балалар фестивалі 17:15, 1 маусым 2022 ALTAI TV
17 Июня, 16:13

Бүгін, 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күнді 1949 жылдан бері әлемнің көптеген елі тойлайды. Тіпті балалар мейрамының өз жалауы бар.

Өскеменнің Сол жағалау кешеніндегі Этноауылда балалар жылына және балаларды қорғау күніне орай танымдық ойын-сауық «7 керемет» атты іс шарасы өтті. Жас жеткіншектерге арналған 7 алаңда түрлі аниматорлармен қызықты танымдық ойындар, спорттық эстафеталар ұйымдастырылды. Балаларға тегін балмұздақтар таратылды.

Балаларды сүйікті кейіпкерлерінің образындағы қуыршақтар мен таңғажайып сиқыршылардың өнерлері таңғалдырды.

Балаларға мұндай естен кетпес шара дәстүрлі түрде жылда өткізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр өткен сайын бағдарламалық шоулардың саны мен сапасы да артып келеді.

 

https://oskementv.kz/kz/news/society/balalar-festivali-1