+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
почта
Дарынды оқушылар марапатталды 17:19, 1 маусым 2022 ALTAI TV
17 Июня, 16:03

Оқу жылын толағай табыс, үлкен жетістікпен тәмамдап отырған мектеп оқушылары бар. Облыс орталығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық, халықаралық зияткерлік олимпиадалар жеңімпаздары мен оқу, спорт және шығармашылықта жоғары көрсеткішке жеткен дарынды балалар марапатталды. Салтанатты шара биылғы балалар жылы аясында, халықаралық балалар күні мерекесіне орайластырылған.

Айзере Манарбекова – 11-сынып оқушы. Бұл форумға Абай ауданынан келіп отыр. Жақында Алматыда өткен республикалық «Абайтану» олимпиадасына қатысып, бас жүлде иеленген. Қатысқан байқаудың шарты бойынша «Абай жолы» эпопеясын жіліктеп талдап, әр жерінен үзінді келтіріпті. Сондай-ақ, грамматикалық ереже бойынша сауаттылығы тексерілген сыннан да мүдірмей өткен.

Өздері оқитын мектепте оқуда, шығармашылық пен спортта үздік атанған оқушылар облыстың әр аумағынан жиналған.

Семейлік Руслан Омаров жақында ғана суға батып кете жаздаған сыныптасын құтқаруға көмектесіпті. Ол оқыс оқиға кезінде абдырап қалмай, «Жедел жәрдем» келгенше шапшаң қимылдап, досына алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

 «Оқу мен тәрбие – егіз» дегендей жас буынға білім беріп, тәрбиелеудің өзі – ұлы міндет. Мұны ескерсек, бұл марапат - осы жолда тынбай еңбектеніп, үлкен рөл атқарып жүрген мектептегі ұстаздар мен үйдегі ата-ананың абыройлы жеңісі.

https://oskementv.kz/kz/news/society/daryndy-okushylar-marapattaldy-2