+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной интеллектуальный конкурс «Leader»
Облыстық «Дидар» газеті №44 (17745) 20.04.2019 Дарындылар дараланды
29 Апр, 16:01

Өскеменде  өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығының ұйытқы болуымен 9-11 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен Жакула Күшікұлы атындағы облыстық олимпиада болды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 18 оқушы - I  дәрежелі,  24 оқушы - II дәрежелі,  48 - оқушы III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Оқушылардың химия мен биология пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау, интеллектуалды дамуы мен кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету мақсатындағы олимпиада осымен екінші рет өткізіліп отыр. Олимпиаданың демеушісі қоғам қайраткері, тұңғыш қазақ дәрігері Жакула Күшікұлының немересі Асқар Жакули атындағы «Ас-Ай» қайырымдылық қоры болды.

Теориялық және практикалық кезеңдерден тұрған білім сайысында оқушылар биология және химия саласында зертханалық жұмыстар мен эксперименттер жүргізді, теориялық білімдері мен дағдыларын көрсетті.

Олимпиада аясында мәдени-білім беру бағдарламасы да ұйымдастырылды. Оқушылар оьблыстық драма театрында өткен «Көксерек» қойылымын тамашалап, қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасады.

Шараның салтанатты жабылу рәсімі «Ертіс концерт» орталық мәдениет сарайында өтті. Олимпиаданың аяқталуымен қатысушыларды «Ас-Ай» қайырымдылық қорының директоры Гүлнәр Сейдолла құттықтап, жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Мейрам Екпін