+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС
27 Сен, 18:19

20 маусым 2018

Облыс оқушылары жазғы демалыстарын көңілді өткізуде. Көкке шығу, суға түсу, жаңа достармен танысу. Туристік біліктілікті арттырып, тарих, география, және экологиялық мәдениет саласында жаңа білім алу, мұның барлығы «Менің Отаным – Қазақстан» экспедициялық жасағының облыстық слетіне қатысқан жас туристер сынағы.

Өскеменде туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өтіп, оған барлық аудандардан екі жүзге жуық оқушы қатысты. Іс-шара бағдарламасына шеберлік сыныптары, дәрістер, тәжірибелік дайындықтар мен экспедициялар кірді.

ӘЛИХАН  АЙТҚАЛИҰЛЫ, СЛЕТКЕ ҚАТЫСУШЫ:

«Бұл слет өте жақсы ұйымдастырылған және біз күнде бос емеспіз. Біз күнде бір жаңа нәрселерге үйреніп, жаңадан саяхаттарға шығып жүрміз. Кеше біз жаяу жүріп саяхатқа шықтық. Онда жақсы жерлер көрдік. Ал бүгін қазір сплавқа шыққалы тұрмыз».

 «Су туризмі техникасы» кезеңінен балалар мүдірмей өтті. Олар судағы қауіпсіздік техникасы мен әрекеттер ережесін сақтады.

ДАНИИЛ ВОРОТНИКОВ, РАФТИНГ НҰСҚАУШЫСЫ:

«Бүгін біз балалармен бірге су-электр станциясынан өнеркәсіптік базаға және Карбышевтағы қалалық саяжайға дейін жүздік. Ертіс суы тыныш, балаларға да қауіпсіз. Мұның барлығы оларға рафтингтің не екенін түсініп, қалай есу керектігін үйретеді».

Жуық арада қатысушылар облыстың мәдени-тарихи құндылықтарын зерттеу мақсатында экспедицияға шығады. Оқушылар Берел қорғанына, Рахман қайнарына, Ақбауырға, Сібе көлдеріне, Қиын-Керіш даласына және өзге де табиғат аясына барады.

КРИСТИНА ДАУТОВА

http://oskementv.kz/kz/news/society/zhazgy-demalys