20.06.2018
Шығыс Қазақстанда мектеп оқушыларының туристік экспедициялық жасақтар слеті басталды. Басқосудың алғашқы күні жасөспірімдер рафтингке қатысып, су туризмінің ерекшелігімен танысты. 70-тен астам бала Ертіс өзенінде 15 шақырымдай жерді ескек есіп, артта қалдырды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл шараның басты мақсаты – жастарды өлкені танып білуге баулып, табиғатқа мейлінше жақын болуға шақыру. 7-10 сыныптың оқушылары алғаш рет үрмелі қайыққа отырып тұрса да, батырлық танытып, бекітілген қашықтықты жылдам жүріп өтті. Егор Очковский, нұсқаушы: – Өзеннің бұл тұсы қауіпсіз. Сондықтан балалар үшін осы жерді таңдап алдық. Өйткені оқушылар кез келген уақытта шулап, жағдайды бақылаудан шығарып алуы мүмкін. Дегенмен барлығы сәтті болды. Тіпті осы жерге дейін әндетіп жеттік.