+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Әдеби Шығыс» жобасы аясында арнайы оқу-тәжірибелік саяхат ұйымдастырылды
27 Сен, 18:06

04.06.2018, 22:51

Шығыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әдеби Шығыс» жобасы бастау алды. Оған әртүрлі байқауларда топ жарған 2 мыңнан астам оқушы қатысуда. Жеңімпаздар үшін арнайы оқу-тәжірибелік саяхат ұйымдастырылып, олар ақын Абай Құнанбайұлының туған жеріне сапар шекті. «Басты мақсат – жазғы демалысты қызықты әрі танымдық тұрғыдан терең етіп өткізу», – дейді ұйымдастырушылар. Абай елі жеңімпаз жеткіншектерді дәстүрге сай шашу шашып, ұлттық тағамдардан дәм татқызып қарсы алды. Оқуда озат оқушылардың бұдан арғы сапары тіпті тарихқа тереңдей түсті. Бұрын данышпан ақын туралы тек кітаптан оқып білсе, енді сол аталарының үйін аралап, ерекше әсерге бөленді. Айдана Қайырденова, мектеп оқушысы: – Осы саяхаттың ең маңызды бізге ұрпаққа рухани байлықты көбейту, өзімізге патриоттық сезімді байлау болып табылады. Және өскелең ұрпақты ізгі жолға қойып, әрқашан әділетті болуды үйретті. Айдана өз қатарластары сияқты «Әдеби Шығыс» байқауының жеңімпазы атанған. Сайысқа қатысушылардың бірі диктант жазуда көзге түссе, енді бірі өз шығармашылықтарымен көпшілікті тәнті қылған. Барлығы 2 мыңнан астам оқушы жаз бойы өңірдің шежірелі нысандарын аралап, танымдық сапарларға қатыса алады. Әсем Нүсіпова, облыс әкімінің орынбасары: – Бұл шаралар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатыр. Жазғы демалыста жеткіншектердің шығысқазақстандық авторлардың шығармаларын жақын тануға деген құштарлығын оята түседі. Және маңызды дүние, жас ұрпақ өңіріміздің туристік нысандары туралы кеңірек ақпарат алады. Оқу-тәжірибелік саяхаттың бағыты Семей қаласы, Абай және Шемонаиха аудандары арқылы ұйымдастырылған. 3 күннің ішінде озат шәкірттер Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенесін, Еңлік-Кебек ескерткішін аралап, Мұхтар Әуезов, Федор Достоевский шығармашылығымен кеңінен танысуға мүмкіндік алды.

Болат Көкенайұлы, Анатолий Тернов, Берік Жобалайұлы

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/244630-debi-shy-ys-zhobasy-ayasynda-arnajy-o-u-t-zhiribelik-sayakhat-jymdastyryldy