+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
ШҚО әкімі дарынды балалармен кездесті Барлығы 80 оқушы
26 Сен, 17:58

13.06.2018  16:19

Облыс əкімі Даниал Ахметов өңірдің талапты да талантты оқушыларымен кездесті. Олардың арасында республикалық жəне халықаралық интеллектуалдық, спорттық олимпиадалар мен жарыстардың, шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Кездесуге мəртебелі конақ ретінде ЖОО ректорлары, оқытушылар, жеңімпаздардың жетекшілері, өткен жылғы жүлдегерлер шақырылды. Диалог ретінде өткен шарада балалар сұрақтарын қойып, өздерін толғандырған мəселелерді талқылады.

Барлық қатысушылар алғыс хаттар, грамоталар жəне құнды сыйлықтармен марапатталды. Барлығы 80 оқушы.

Өткен жылы шығысқазақстандық оқушылар 35 алтын, 55 күміс жəне 67 қола жүлдені еншіледі. Олардың 38-не халықаралық жарыстарда, 119-на республикалық сайыстарда қол жетті.

Диас Арнурошидов, Ш.Уəлиханов атындағы «Жас ұлан» мектебінің түлегі, президенттік олимпиаданың жеңімпазы:

«Бала кезімнен əскери қызметті армандадым. Əскери институтқа инженер мамандығы бойынша оқуға түспекпін»- дейді талапты жас.

Айна Ескенқызы

https://kaz.altaynews.kz/archives/34413