+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
МАРАПАТТАУ
25 Сен, 14:22

Шығыс Қазақстанда түрлі республикалық, халықаралық интеллектуалды олимпиадалардың, спорттық сайыстардың және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды.

Дарынды балалар - ел намысын республикалық және халықаралық байқауларда қоғап жүрген үздіктердің үздігі. Талантты өрендер аймақ басшымен кездесті. Олар IT-технология, спорт, өңірдегі білімнің дамуы туралы айтты. Өңір басшысы өзінің сүйікті кітабы қандай деген сұраққа былайша жауап берді.

ДАНИАЛ АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Мұхтар Әуезовтің шығармаларын сүйіп оқимын. Сіздерге де оқуға кеңес беремін. Мектеп қабырғасынан студенттік шағыма дейін әлі де ұлы классиктердің шығармаларын тамсана оқимын».

Оқуда, қоғамдық істерде жеткен жетістіктері үшін оқушылар марапатталды. «Жылдың үздік оқушысы» атанған Нұрлыхан Көпеновке ноутбук пен кубок табысталды.

НҰРЛЫХАН КӨПЕНОВ, ОҚУШЫ:

«Әкіммен кездесу жоғары дәрежеде өтті. Әкіммен бірінші рет кездесіп тұрғандықтан, біраз қобалжу болды. Осындай жетістіктерге жету үшін қиындықтар көп болды. Өзім Зайсан қаласының тумасы едім».

Салтанатты кеште әр ауданнан жиналған үздік 80 оқушының есімі аталды. Үздіктердің тәлімгерлері алғыс хатпен және 100 мың теңгенің сертификатымен марапатталды. 

БАҚЖАМАЛ САДЫҚОВА, ҰСТАЗ:

«Бүгін Шығыс Қазақстан облысының мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше күн деп ойлаймын. Ашық пікір түрінде жақсы әңгіме өткізілді. Жаңа программалар енгізілуде. Және балалардың, балаларға кәсіби білім беру жоғары қойылды. Өйткені кәсіби бағдар беру және талантын ашу қазіргі таңда ең маңызды дүние деп ойлаймын».

Сонымен қатар дарынды балаларға оқу-сауықтыру орталығына жолдама берілді. 

http://oskementv.kz/kz/news/society/marapattau