11-05-2018 11:48
2018 жылы 5 мамырда С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында 6-11 сынып оқушылары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасы өтті.
Облыстық пән олимпиадаға Семей қаласынан 9 оқушыдан құралған Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның командасы қатысты.
Олимпиада мақсаты - дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру.
Олимпиада қорытындысы бойынша Шәкәрім гимназиясы І орынды жеңіп алып, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.