+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной интеллектуальный конкурс «Leader»
ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18 Мая, 16:42

11:21, 13 сәуір 2018

ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Облыстық Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 11-12 сәуір аралығында Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру. Талантты және дарынды оқушыларды анықтай отырып, ғылыми білімді насихаттап, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау болып табылады.

Сайрангүл Жұмаділова, ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары:

«Болашақта осы кісінің жолына түсіп дәрігер боламыз деген балалар осы олимпиадаға қатысып отыр. Бүгінгі күні 2 күнде 200 бала қатысты. Және де бұл олимпиада бастамашылары осы кісінің ұрпақтары. Ұрпақтары келіп, жыл сайын өткізуге тілек білдіріп отыр. Сонымен қатар жүлдегерге арналған арнайы марапаттары бар».

Жакула Күшікұлы – есімін ел ардақтаған дәрігер. 1881-1885 жылдары Омбы фельдшерлік мектебінде медициналық білім алады. Мектепті тәмамдаған соң әскери дәрігер, губерния хатшысы қызметін атқарады. Ал 1909-1920 жылдары Семей өңірінде болыс болды.

Айна Атыраубаева, бас есепші:

«Асқар жакулин өзі көзі тірісінде химия, биология олимпиадасын 12-ші жылы өзі құрып кеткен. Келіп ақсуат ауданында, ол кезде аудандық деңгейде өтетін. Бірақ өзінің өлер шағында жазған өсиет хатында, осы олимпиаданы біз ары қарай жалғастырғанымызды қалаймын деп жазып кеткен. Сол кісінің өсиеті бойынша бүгінгі таңға дейін жалғастырып келе жатырмыз».

Олимпиадаға өңірдегі аудандық, қалалық кезеңдерден өткен 9-шы, 10-шы және 11-ші сынып оқушылар қатысты. Облыстық кезеңі екі айналымнан тұрды. 1-ші айналым – теориялық, тестілеу түрінде жүргізілсе, 2 айналым – практикалық, олимпиада тапсырмаларын шешуге арналды.

Серікбек Рысқожаев, олимпиада қатысушысы:

«Менің ойымша, өте жақсы. Бәрі әділ болды. Кезекшілер де, мұғалімдер де барлығын өзіміздің қатысуымызбен көрсетіп, барлығын әділ істеді».

Шара соңында олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ барлық олимпиада қатысушыларына сертификаттар берілді.

Аяулым Смағұлова