+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной интеллектуальный конкурс «Leader»
ШҚО-да патриот ұландарды тәрбиелеуге бағытталған байқау өтті
15 Янв, 15:05

Телеканал 24KZ

05.12.2017

ШҚО-да патриот ұландарды тәрбиелеуге бағытталған байқау өтті

«Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел». Шығыс Қазақстанда осындай атаумен белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өзек болған ауқымды шараның мақсаты – патриот ұландарды тәрбиелеу. Шығыс Қазақстанда дарынды өрендер көп. «Шығыстың аңыз-әфсәналары желісінде қойылым қойған жас әртістердің әлеуеті зор», –дейді мамандар. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған облыстық конкурс соның бір айғағы. Жанар Ислямова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы: - Қазақтың ұлы ғұлама ғалымы Әл-Фарабидің сөзі бар: «Нағыз білімділік тамаша адамгершілік қасиетте». Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі жастарымыздың білімі мен тәрбиесіне үлкен мән беріп, жастарымызды тарихты тануға, өлкесін тануға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, ата-аналарды құрметтеуге бағытталған. Талантты жастар «Мария құзы», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Күшікбай асуы» сияқты сахналық қойылымдарды қазылар назарына ұсынды. Әсіресе Шәкәрімнің «Еңлік-Кебегі» ешкімді бейжай қалдырмады. Арман Іскежан, оқушы /Абай ауданы/: - Біз Абайдай дананың, Шәкәрімдей дараның, мұхиттай Мұхтардың қасиетті Абай елінен келіп отырмыз. Бүгінгі қойған қойылымымыз «Еңлік-Кебек» 18 ғасырларда өмір сүрген Абай ауданының тарихи қос ғашықтары туралы. Біз мұнымен негізінде болашақтағы жас адамдарға айтатынымыз махаббатқа берік болу керек. «Дарын» ғылыми зерттеу орталығы мен білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған байқау елінің нағыз патриоттарын дәріптеуді көздейді. «Туған өлкенің тарихын танып, оны құрметтеген ұрпақтан көп үміт күтуге болады», – дейді сала мамандары.

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/209435-sh-o-da-patriot-landardy-t-rbieleuge-ba-yttal-an-baj-au-tti

Мерей Мұратханқызы, Дмитрий Пыхтин