+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Дидар», № 142, 6 желтоқсан 2012 жыл. "Жас талапкерлер байқауы"
07 Дек, 04:12

 

Облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы журналистикаға талпынып жүрген жастардың «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» атты облыстық байқауын өткізді.

80 мектеп оқушысы мен колледж студенті бақ сынасқан байқауда жас ерекшеліктері бойынша үш топта жүлдегерлер анықталды.

Мәселен, 7 – 8 сыныптықтар арасында семейлік Дана Нүркенова, 9 – 11 сыныптықтар арасында өскемендік Мадина Қинаятова және колледждіктер арасында Өскемендегі ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің 1 курс студенті Әбигүл Мұқаділ бәрәнші орынды иемденді.

Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар, ал барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Облыстық «Дидар» газетінің Руханият бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Ғафура Сәрсенбайқызы