+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ЖАС ЭКОЛОГТАР МЕН ӨЛКЕТАНУШЫЛАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
21 Сен, 10:31

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты - экология, жер ресурстары және қоршаған ортаны қорғауға қызығушылық танытқан өрендерді анықтап, оларға қолдау көрсету. Форумның алғашқы екі кезеңінде үздік деп танылған жас өлкетанушылар ақтық сайыста «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының базасында бас қосты. Өзекті мәселелерді талқылап, экологиялық, биологиялық және ғылыми-техникалық бағыттарда дайындаған жобаларын қорғады. Жеңімпаздар жас экологтар мен өлкетанушылардың республикалық сайысына қатысады.

http://kaztrk.kz/news/bolashaqqa-bagdar-ruhani-zhangyru/shygys-qazaqstanda-zhas-ekologtar-men-olketanushylardyn-oblystyq-forumy-otti-102283