+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной интеллектуальный конкурс «Leader»
Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газеті (03.08.2017)
28 Авг, 12:31

Кең сайға тігілген шатырдың сахнасында «Дарын дауысы» ән жобасының ақтық кеші басталды. Бұл сайысқа Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығының оқыту-сауықтыру лагеріне келуші оқушылар мен олардың тәрбиешілері қатысты.

Қатысушылар жасына қарай кіші, орта, үлкен болып үш деңгейге жіктелген. Ережеге сәйкес, алғашқы үш күнде сұрыптау сайыстары өтеді де. төрт тәлімгер өз тобын жасақтайды. Соңғы күнi талқыдан шыққан жүйректер жүлдеге ұмтылысады.

Орталыктың директоры Жанат Жеңісбеккызы бізді ертерек лагерь аумағымен таныстырған еді. Бұған сайыстан бұрын тоқталғанды жөн санадық. Kішігірім қалашықта бәpi бар. Спорт алаңы, қатар-қатар бой түзеген үйлер. Бұл үйлерде инженерікке, робот техникасына, химия жене физикаға, бейнелеу өнеріне, ән-биге, актерлік шеберлік пен спортқа арналған, үйірме жұмыс істейді балалардың босқа өткен уақыты жоқ, пайдалы дүние үйреніп жатқан көрінеді.

- Лагеріміз жыл бойы жұмыс істей береді. Мұнда оқу озаттары мен коғамдық шараларға белсенді оқушылар тегін демалады. - деді ол.

Жанат Жеңісбекқызы жағалай таныстыра жүріп, бізді алқалай құрған шарбаққа ертіп барды. Шеңбер жасап отырған бip топ бала басқа тілде есендесті. Жолбасшымыз «Қазақша амандаспайсыңдар ма?» деп қалды тәлімгерлерге.

- Бұл жерде балалар от жағып, тілек тілесіп, көңіл көтереді. Көбісінің тілегі осында қайта келу шығар. - деп қалжыңдады ол.

Содан соң қалашық шетінде тегістеліп жатқан жерді нұсқап, келер жылы саябақ салуды жоспарлап отырғандарын айтты.

Кең шатырдың ішін жаңғыртып жанкүйерлер ұран салғанда, сайыскерлердің жүзінен аландаушылық білінді Кезегі таяғанының өңі бозарып, «Қазақтан дауысына» қатысып жатқандай байыз таппайды.

Әуелі кіші буынның үздігі анықталды. Бас жүлдені «Баунти» тобының PR-менеджері Евгения Бруктың шәкірті Александр Гричухин қанжығалады. Қалған орындарды Нұрасыл Бақытбеков, Анастасия Гумечук, Айша Ауданбекова үшеуі бөлісті. Орта буында бас жүлдеге «Жас қанат» байқауының лауреаты Медет Әлімғазинның шәкірті Айым Наурызбаева қол жеткізсе, келесі орындарға Катерина Салий, Камила Жунусова. Анна Завьяловалар тұрақтады.

- Мен Семей қаласы Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған көпбейінді гимназияның оқушысымын. Осы лагерьде олимпиада жеңімпазы ретінде ақысыз демалып жатырмын. Ал ән сайысына бұрын-соңды қатысып көрмеппін. Жоба аясында әншілік қырымды көре білген тәлімгеріме көп-көп рақмет айтамын, - деді жеңімпаз Айым Наурызбаева.

Ал үлкен буынның, яғни, тәрбиешілердің ішінен «Баунти» тобының әншісі Алиса Хаустованың шәкірті Ксения Минкевич суырылып шықты. Қалған орындарды Акан Қадырбеков, Евгений Рыбалов. Динара Үмітжанова сынды сайыскерлер сарапқа салды.

Кеш соңы көңілді аяқталды. Осылайша, қызыққа толы демалушылардың тағы бір күні өтті.

Тасқын Болатұлы

http://didar-gazeti.kz/2017/08/03/page/3/