+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облыстық «Дидар» газеті 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №152 400-ден астам кадет ант қабылдады
23 Дек, 03:41

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы куні айтулы мерекеге орай облыс орталығындағы денешынықтыру- сауықтыру кешенінде «Ұлы дала eлi- Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн аясында жас патриоттарслеті өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова қатыскан шара барысында облыстың әр аймағынан жиналған «Шығыс ұландары» арнайы сыныбының 400-ден астам кадеті Отанғаадал қызмет етуге ант бepiп, кадеттік сынып оқушыларының куәлігіне ие болды.

Биыл облыстың жалпы білімберетін мектептерінде 25 «Шығыс ұландары» кадеттік сыныптары ашылған болатын. Әр сыныптағы оқушы саны да 25. Мұндай ерекше сынып ашу бастамасын облыстық білім басқармасы «Дарынды мектеп» кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында қолға алған еді.

Білімалу барысында аталған сынып оқушылары мектеп бағдарламасынан тыс әскери-техникалық және жаттығу дайындығын жетілдіріп, әскери icнегіздері то­пография, жекпе-жек, гимнастика және хореография сабақтарын тереңдетіп оқитынын айта кеткен орынды. Бұлардың ішіндеСемей қаласындағы «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» тірек мектебі ретінде таңдалып алынды.

- Бугін бізел Тәуелсіздігінің25 жылдығын атап өтудеміз. Сіздерді Ұлы мерекемен құттықтаймын! Тәуелсіздікдегеніміз - ең бастысы, бұл біздің балаларымыз, олардың тәрбиесі, білімалуы және олардың ұлттық асқақ рухы. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі  жағдайы сіздерге білім мен жетістікке ұмтылуға, жаңа ғылымды меңгеруге, әскери icтiтерең игеруге, барлық жағынан кәсіби шебер болуға мүмкіндің ашып отыр. Сіздерге қарап басқа оқушылар да бой түзейтін болады. Әскери форма, иықтағы погондарыңыз көп нәрсеге міндеттейді.

Сондықтан өздеріңізді ең жақсы қасиеттер: адалдық пен шыншылдықка тәрбиелеңіздер, - деді жас патриоттарды құттықтау сөзінде облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова.

- Біз бұл күнді ұзақ күттік. Бipжылдың ішіндеәскери дайындықты меңгерумен қатар, қатарластарымыздың алдындағы үлкен жауапкердшілікті сезіне алдық. «Шығыс ұландары» сыныбының оқушылары барлық жағынан үлгіболуы тиіс. Біз бейбіт елде өмipсүрудеміз, ТәуелсізҚазақстанымыз бұдан ары да гүлденіп, көркейе берсін, - деді өз қуанышымен бөліскен кадет сыныбының оқушысы Лейла Қасанова.

«Жас ұлан» лицейі тірбиеленушілерінің көрсетілімдері, жас дауылплазшылар взводының қойылымы, әдемі би композициялары мереке ажарын кіргізді.

- Осындай балаларға еліміздңболашағын ceніптапсыруғaболады. Қазірдің өінде олар Қазақстанның нағыз патриоттары болып тәрбиеленуде, - дейді «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының дирек­торы Құрмаш Оқасов.

Слетке қатысушыларды облыстың күштік құрылымдарының өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары да құтықтады. Сонымен бірге, жиында аймақ басшысының орынбасары өңірдің білім, денсаулық сақтау және әскери іс саласының бір топ үздіктерін марапаттады.

Дәурен Аллабергенұлы