Жас паттриотар слетінде «Шығыс ұландары» арнайы сыныбының 400 кадеті, Отанға адал қызмет етуге ант беріп, кадеттік сынып оқушыларының куәлігіне ие болды.
"25 жұлдызды күн" жоспары аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы "Дарынды мектеп" кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Шығыс ұландары" жас патриоттар слеті өткізді.
Ic-шара барысында 400-ге тарта үміткер салтанатты түрде ант қабылдап, "Шығыс ұландары" кадеті куәліктеріне ие болды.
- Бугін біз ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтудеміз. Сіздерді ұлы мерекемен құттықтаймын. Тәуелсіздік, ең бастысы, бұл біздің балаларымыз, олардың тәрбиесі, білім алуы жіне олардың ұлттық асқақ рухы, - деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова. - Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жағдайы сіздерге білім мен жетістікке ұмтылуға, жаңа ғылымды меңгеруге, әскери icтi терецң игеруге, бар жағынан кәсіби шебер болуға мүумкіндік береді.
Сөз соңында аймақ басшысының орынбасары Шығыс Қазақстанның білім, денсаулық сақтау және әскери ic саласының үздіктерін марапаттады.
2016 жылдьң 1 қыркүйегінен бастап облыстың жалпы білім беретін мектептерінде әрқайсысында 25 оқушы білім алатьн "Шығыс ұландары" сы- ныптары ашылды. Tipeк мектеп болып Семей қаласындағы Дарынды балаларға арналған Ш. Уәліханов атындағы "Жас ұлан" арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты болып табылады.
- Бұл "Шығыс ұландары" арнайы сынып оқушыларының өміріндегі алғашқы қабылдаған анты. Бұл сәт естерінде әлі ұзақ сақталады. Бәлкім, бугінгі "Шығыс ұландарының" арасынан генерал, мемлекеттік қызметкер шығатын шығар, - дейді Құрмаш Оқасов Семей каласының "Жас ұулан" ерлер мектебінің басшысы. - Ең алғашкы әскери тәрбие, патриоттық шара, қабылдаңан ант естерінде қалатынына кәміл сенімдімін. Кейін мемлекеттік, әскери қызметке барғанда ант қабылдайды, бірақ бұл ең алғашкы қадамдары болып қала бермек.
Рәсім барысында қатысушылар назарына "Шығыс ұландары" сыныптарыныцң нышанын тапсыру, дауьлпазшылар взводының қойылымы, дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы "Жас ұлан” арнайы мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушілерінің көрсетілемдері ұсынылды.
Мұндай ерекше сынып ашу бастамасын Шығыс Қазақстан облысының білім баскқармасы, "Дарынды мектеп" кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында қолғга алған болатын. Білім алу барысында аталмыш сынып оқушылары мектеп бағдарламасынан тыс, әскери-техникалық және физикальқ жаттығу, әскери ic негіздері топография, жекпе-жек, гимнастика жәэне хореографияны терендетшіп оқитынын айта кету керек.
Айдос Мырзахметов