+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облыстық «Дидар» газеті 2016 жылғы 27 қазандағы №128 (17368) нөмірі "Республикалық байқаудан жүлдемен оралды"
29 Окт, 08:29

Бүгінгі таңда білім берудің сапасына, мұғалім еңбегінің тиімділігіне жәнежағдайының жақсаруына мемлекет тарапынан ерекше көніл бөлінуде. Осы орайда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласында дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауын өткізді.

Мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің инновациялық-педагогикалық қызметі мен кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған бұл байқауға республикалық іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен облысымыздың 13 ұстазы қатысты.

Eкi күнге созылған республикалықбайкау қорытындысы бойынша Гүлзира Жұмағұлова (Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты), Меруерт Мұқашева (Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты), Гүлайым Қаленова, Мейрамгүл Төлеубекова, Алуа Бейімбетова, Лаура Омарова (Шәкәрім атындағыоблыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп) жүлделі 2-орын алып, арнайы дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, дәл осы Шәкәріматындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің ұстаздары Ләззат Әміренова, Айдана Сәдуақасова, Айгүл Егеубаева республиканың түкпір-түкпірінен сынға түскен ұстаздар арасында топ жарып, жүлделі 3-орынға ие болды. Ал дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының ұстазы Жанат Шакирова «Өз iciнің шебері» аталымы бойынша арнайы мадақтама алды.

Айжанат Бақытқызы