Зертхана келесі тапсырмалар мен функцияларды орындайды:
1) робототехника саласындағы дарынды балалар мен жастарды анықтау, дамыту және қолдау жүйесін (шарттарын, әдістемесін әзірлеу) құру;
2) робототехника саласында дарынды балалар мен жастардың деректер банкін құру;
3) роботтарды жобалау және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау;
4) жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім алушылардың конкурстарын, байқауларын, слеттерін, жарыстарын, чемпионаттарын, семинарларын, оқу-жаттығу жиындарын және басқа да іс-шараларын, сондай-ақ робототехника жөніндегі басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі ұйымдастыру қызметі;
5) Өз құзыреті шегінде білім беру мекемелерінің педагогтері мен мамандарына және білім басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелеріне іс-шараларды өткізу кезінде, сондай-ақ робототехника бағытын дамыту бойынша әдістемелік, шығармашылық, практикалық көмек көрсету;
6) мекеменің ақпараттық материалдарының дизайнын дайындау, әзірлеу бойынша жұмыс;
7) Орталық өткізетін іс-шаралардың фото және бейнетүсірілімін жүргізу;
8) Желі жұмысын әкімшілендіруді жүргізу.
Зертхана меңгерушісі — Гүлжан Хасенқазықызы Нығметова
Мекен-жайы: Абай даңғылы 21, 3 қабат, 307 каб.
Байланыс телефоны: 8/7232/75-42-12