2026 жылдың 6-8 қаңтары аралығында республика бойынша бір уақытта жалпы білім беретін пәндерден 9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті (бұдан әрі – Олимпиада).
Олимпиаданың негiзгi мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары мен облысымыздың олимпиадалық резервінің мүшелерінен 580 оқушы қатысты.
Олимпиаданың облыстық кезеңі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде, облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейінің базаларында өткізілді.
Қатысушылардың теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын облыстағы жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары мен ғылым докторлары бағалады.
Олимпиаданың 2 кезеңінің қорытындысы бойынша 256 қатысушы жүлдегер атанды: 67 оқушы І дәрежелі дипломмен, 67 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен, 122 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Рейтингке сәйкес командаларға жалпыкомандалық жүлделі орындар берілді.
«Үздік олимпиадалық команда» кубогымен және І дәрежелі дипломмен:
- Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің командасы;
- Өскемен қаласының командасы марапатталды.
«Үздік олимпиадалық команда» кубогымен және ІІ дәрежелі дипломмен:
- Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының командасы;
- Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты командасы;
- Күршім ауданының командасымарапатталды.
«Үздік олимпиадалық команда» кубогымен және ІІІ дәрежелі дипломмен:
- Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің командасы;
- Зайсан ауданының командасы;
- Тарбағатай ауданының командасы марапатталды.
Сонымен қатар, Олимпиаданың жабылу салтанатында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінің командалық қорытындысы шығарылды.
«Ауыл олимпиадасының үздік командасы» кубогымен және І дәрежелі дипломмен:
- Глубокое ауданының командасы;
- Күршім ауданының командасы марапатталды.
«Ауыл олимпиадасының үздік командасы» кубогымен және ІI дәрежелі дипломмен: - Шемонайха ауданының командасы;
- Зайсан ауданың командасы марапатталды.
- «Ауыл олимпиадасының үздік командасы» кубогымен және ІII дәрежелі дипломмен:
- Тарбағатай ауданының;
- Ұлан ауданының командасы марапатталды.
Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!