Информатикадан XVII Еуразиялық олимпиаданың қорытындысы

2025 жылдың 15-16 желтоқсаны аралығында Алматы қаласында информатикадан XVII Еуразиялық олимпиада өтті.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау.

Қорытынды кезеңге Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан 72 команда қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен:

Амангелді Алдияр — Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы;

Ғазиз Мәди — Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;

Юсупов Саят — Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы марапатталды.

ІI дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Есімхан Бекзат марапатталды.

Олимпиада жүлдегерлерін жоғары нәтижеге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Алда табыс пен жеңістер тілейміз!