«Қысқы ертегі» атты қашықтықтан өткізілетін шығармашылық байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже «Қысқы ертегі» қашықтықтан өткізілетін шығармашылық байқаудың (ары қарай – Байқау)  мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды, қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін анықтайды.

1.2.Байқаудың ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (ары қарай — ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

1.3. Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

— шығармашылыққа қызығушылық танытқан дарынды оқушыларды анықтау  және қолдау;

— білім алушылардың танымдық және әлеуметтік белсенділігін ынталандыру;

— оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

— оқушыларды табысқа жетуге ынталандыру;

— сабақтан тыс уақытта оқушылардың қызығушылығын арттыру және жандандыру.

2. Байқаудың ұйымдастыру комитеті

2.1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (ары қарай – Ұйымдастыру комитеті).

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

— Байқаудың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

— тікелей басшылықты жүзеге асырады;

— Байқауға қатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;

— Байқаудың қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

 — Байқаудың жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;

— талдайды және қорытындылайды.

2.3. Қазылар алқасы байқаудың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

2.4. Қазылар алқасы бағалауды төмендегі критерийлер негізінде жүзеге асырады:

— көркемдік шеберлік негіздерін меңгеру (сурет/қолөнер);

— әдеби шеберлік негіздерін және мәнерлеп оқу дағдыларын меңгеру (өлең оқу);

— орындаудың күрделілігі мен шеберлігі (сурет/қолөнер/өлең оқу);

— өзіндік және шығармашылық көзқарасы (сурет/қолөнер/өлең оқу);

— тақырыпты ашудың сапасы мен толықтығы (сурет/қолөнер/өлең оқу);

— шығармашылық деңгейінің автордың жасына сәйкестігі (сурет/қолөнер/өлең оқу).

3. Байқаудың қатысушылары

3.1. Байқауға қатысу ерікті болып табылады, оқушыларды конкурсқа қатысуға олардың қалауына қарсы тартуға тыйым салынады. Байқауға қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды.

3.2. Ұйымдастыру жарнасы бір байқау жұмыс үшін 1000 теңге (банктердің комиссияларын есепке алмағанда).

Төлемді қосымшалар арқылы және терминалдарда: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (ШҚ ҒӘО «Дарын»), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), «Банк ЦентрКредит» АҚ («Дарын» ШҚ АҒПО) арқылы жүргізуге болады.

Түбіртекте байқаудың атын «Қысқы ертегі» және қатысушының толық аты-жөнін көрсету керек.

3.3. Байқауға қатысушылар бірнеше номинациялар бойынша қатыса алады. Әрбір жаңа қатысушы әр жұмыс үшін жеке жарна төлейді және жаңа өтінім береді.

3.4. Байқауға Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының 5 жастан 17 жасқа дейін оқушылар қатыса алады.

Байқауға қатысушылар төмендегідей жас ерекшеліктеріне байланысты бөлінеді:

бірінші кіші жас тобы – 5-6 жас;

екінші кіші жас тобы – 7-9 жас;

орта жас тобы – 10-14 жас;

үлкен жас тобы – 15-17 жас.

4. Байқауды өткізу және ұйымдастыру тәртібі

4.1. Байқауқашықтықтан өткізіледі.

4.2. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

4.2.1.«Жаңа жыл тақырыбына мәнерлеп оқу сайысы» — бейнежазба  форматы. Байқауға сапалы суреті мен дыбысы анық жазылған бейнежазбаны телефонға немесе бейнекамераға түсіріп  жіберу қажет.

4.2.2. «Жаңа жылға арналған шығармашылық идеялар» қолөнер байқауы — қолдан жасалған бұйымдар кез келген материалдан жасалуы мүмкін, қолөнер эстетикалық болуы керек. Байқауға қолөнердің жоғары сапалы фотосуреті жіберіледі. Электронды фотосурет JPEG форматында болуы керек.

4.2.3. «Жаңа жыл ғажайыптары» суреттер байқауы —  суретті кез келген материалда орындауға болады: ватман қағазы, картон, кенеп және т.б., кез келген техникада: май, акварель, сия, түрлі-түсті қарындаштар, бор және т.б. Байқауға суреттің жоғары сапалы фотосуреті қабылданады. Электронды фотосурет JPEG форматында болуы керек.

4.3. Қатысушының әрбір шығармашылық жұмысы үшін бір ғана жетекші көрсетілуі мүмкін, яғни бір баланың бірнеше жетекшісі болуына жол берілмейді.

5. Конкурстық жұмыстардың талаптары

5.1. Байқауға қатысу үшін 2026 жылғы 20 қаңтарға дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына білім беру ұйымының басшысы қол қойған нысандағы (1-қосымша) өтінішті тапсыру қажет.

5.2. Өтінімге қатысушы жұмысының жоғары сапалы фотосуреті немесе бейне жазбасы және төлем түбіртектері қоса беріледі («ТОЛЫҚ ПАКЕТ» жасалады, содан кейін ғана электрондық пошта арқылы жіберіледі).

5.3. Міндетті шарттар: ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы түбіртектің сканерленген нұсқасын жіберу керек (өтінім ұйымдастыру жарнасының түбіртегі болмаса қабылданбайды, түбіртекті өтініммен бірге жіберу керек).

5.4. Өтінімде міндетті түрде оқушының аты-жөні, номинациясы, жасы, мектебі, ауданы, жұмысының атауы, жетекшінің аты-жөні, жетекшінің телефоны (Қосымша 1) көрсетіледі.

5.4. Әрбір электронды файлға (сурет фотосы, қолөнердің фотосы, бейне жазба) қол қойылуы керек, яғни қатысушының аты-жөні, жасы және ауданы көрсетілуі қажет.

6. Жеңімпаздарды марапаттау

6.1. Әр номинация бойынша жас ерекшеліктеріне байланысты жеңімпаздар 1, 2 немесе 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Жүлделі орындар саны шектелмеген және байқауға қатысатын жұмыстардың сапасымен ғана анықталады.

6.2. Жеңімпаз дипломында оқушыны Байқауға дайындаған жетекшінің/мұғалімнің аты, тегі көрсетіледі.

7. Байқауды өткізу мерзімі және кезеңдері

7.1. Өтініштер 20.01.2026 жылға дейін қабылданады.

7.2. Байқауды қорытындылау: 2026 жылдың 26-29 ақпан аралығында.