«Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер конкурс-фестивалінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылғы 19 қараша күні Өскемен қаласында Оқушылар шығармашылығы сарайының базасында «Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер конкурс-фестивалін өткізді.

Конкурс-фестивальдің мақсаты – білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу мен одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.

Конкурс-фестивальге облыстың жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінен жалпы саны 350-ге жуық қатысушы қатысты.

Конкурс-фестиваль екі номинация бойынша өткізілді:

— халық биі, халықтық стиліндегі би;

— заманауи би, эстрадалық би.

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегер атанды: Бас жүлде –2, І орын – 10,
ІІ орын – 10, ІІІ орын – 12 би ұжымы.

Конкурс-фестиваль жүлдегерлеріне кубоктар мен дипломдар табысталып, Бас жүлде иегерлері ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз!