Бастауыш сынып оқушыларының облыстық «Балдырған» олимпиадасының қорытындысы

2025 жылдың 14 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы №50 жалпы білім беретін мектептің базасында бастауыш сынып оқушыларының облыстық «Балдырған» олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері:ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың зияткерлік дәрежесін жоғарлату, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін қажетті жағдай жасау, жетістікке жетуге ынталандыру.

Олимпиадаға 3-4 сыныптардың 161 оқушысы аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Қатысушылардың теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын облыстағы жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушыларынан құралған қазылар алқасы бағалады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 99 қатысушы жүлдегер атанды (І орын – 20, ІІ орын – 27, ІІІ орын – 52).

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!