«RoboLand 2025» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің қорытындысы

         2025 жылғы 28-29 наурызда Қарағанды ​​қаласында робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың X -шы «RoboLand 2025» фестивалі өтті.

        Фестивальдің мақсаты оқушылырдың шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал ету, техникалық пәндерді танымал ету, білім берудегі жаңа шығармашылық бағыт ретінде оқу робототехникасының мүмкіндіктерін көрсету.

        Шығыс Қазақстан облысының командасы Кегельринг-Квадро x2, Робогеометрия — 2-деңгей категорияларында қатысты.

       Фестиваль нәтижесі бойынша І дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:  

       Арутюнян Тигран — облыстық математика, физика және  информатика бағытындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған
мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;

       Кикбаев Айбар — Өскемен қаласы, №46 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

       Мұқтарбек Санжар — №47 орта мектебінің 8-сынып оқушысы.

       II дәрежелі дипломмен  Ахметов Дамир — Өскемен қаласы,  №10 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы марапатталды.

Жеңімпаздарды, олардың ұстаздарын және ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз!