2025 жылғы 14 наурызда Өскемен қаласында №1 балалар музыка мектебі базасында жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – оқушылар арасында Ілияс Жансүгіровтың шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, дарындарын анықтау, олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге баулу.
Жансүгіров оқулары 3 номинация бойынша өткізілді:
- «Ілияс – эпик ақын» — ақын Ілияс Жансүгіровтің поэмаларын жатқа айту;
- «Сұлу сөздің сүлейі» – Ілияс Жансүгіровтың өлеңдерінің ішінен жаттаған бір өлеңін жатқа немесе прозалық, драмалық шығармаларын мәнерлеп оқу;
- «Ағынды менің Ақсуым» – ақынға арнап жазған шығармаларын жатқа, мәнерлеп айту.
Байқау қорытындысы бойынша дипломдармен: І орын – 3, ІІ орын – 4, ІІІ орын –
5 қатысушы марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға
шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз!