2025 жылдың 11-13 наурызы аралығында Астана қаласында Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы өтті.
Конкурстың негізгі мақсаты оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, математика және механика саласындағы дарынды оқушыларды анықтау, зерттеу дағдыларын қалыптастыру және жас ғалымдарға қолдау көрсету болып табылады.
Конкурстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ІІ дәрежелі дипломы мен күміс медалін дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Қайыржанов Бақдәулет (қолданбалы математика) иеленді.
Жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар тілейміз!