Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскерге шақырылғанға дейінгі жастар арасында суда-құтқару көпсайысы бойынша VII облыстық турнирінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп 2025 жылғы 12 наурызда Өскемен қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жүзу бассейнінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскерге шақырылғанға дейінгі жастар арасында суда-құтқару көпсайысы бойынша VII облыстық турнирін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтар арасында өмір сүру қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.

Турнирдің бағдарламасында төмендегідей жарыс түрлері қамтылды:

— Жабық бассейнде 25 метрге жүзу (жеке-командалық жарыстар);

— Аралас эстафета (командалық жарыстар).         

Іс-шараға «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубтарынан және жас құтқарушылар клубтарынан командалар қатысты.  

Облыстық турнир қорытындысы бойынша төмендегідей орындар бөлінді:

I орын — ««№34 мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қаласы;

II орын — «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ;

III орын —  «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейі» КММ.

Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды, қалған командаларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!