Үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облысының 5-6 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы

2025 жылғы 6 наурыз күні Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің (МБЖОРСМ) базасында үстел теннисінен 5-6 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты — оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Ойын ҚР Үстел теннисі федерациясы бекіткен ережелерге сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

І орын – «О. Бөкей атындағы №44 лицей» КММ, Өскемен қаласы;

ІІ орын – «Т.Тохтаров атындағы мектеп-балабақшасы» КММ, Ұлан ауданы;

ІІІ орын – «Ақмектеп орта мектебі» КММ, Тарбағатай ауданы.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!