«Киелі Шығыс» Конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ

I. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Киелі Шығыс» (бұдан әрі – Конкурс) конкурсының мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, өткізу мен қаржыландыру, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.

2. Конкурс мақсаты – балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуды ілгерілету, салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке және азаматтыққа тәрбиелеу.

3. Конкурс міндеттері:

— туризм және өлкетану іс-шараларына қызығушылық танытатын ең қабілетті оқушыларды анықтау, қолдау, ынталандыру;

— оқушыларда туристік дағдыларды қалыптастыру және дамыту;

— Шығыс Қазақстан облысының тарихы, географиясы, экологиясы және туған өлкенің мәдениеті бойынша оқушылардың білімін тереңдету және дамытуға жағдай жасау;

— туристік қызметті ұйымдастыру арқылы өскелең ұрпақты адамгершілікке отансүйгіштікке және этномәдениетке тәрбиелеу;

— оқушылар арасында экологиялық білім мен туризмді насихаттау.

4. Конкурс ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы) болып табылады.

II. Конкурсты ұйымдастыру комитеті

5. Конкурс 2023-2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы туристік саланы дамыту Концепциясын іске асыру аясында өткізіледі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 Қаулысымен бекітілген).

6. Конкурстың дайындығына және өткізуіне жалпы басшылықты ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.

7. Конкурстың дайындығын Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасымен бекітілген ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) іске асырады.

Ұйымдастыру комитеті:

— Конкурстың дайындығына және өткізуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;

— Конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдарды қабылдайды;

— Конкурстың тапсырмаларын құрастырушылардың, қазылар алқасының және Конкурс өткізу кезіндегі сараптама комиссиясының құрамын анықтайды және бекітеді;

— Конкурс шараларының түрлерін, өткізу үлгісін анықтайды;

— Конкурсты қорытындылайды және талдайды;

— Конкурстың дайындығын, өткізуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.

8. Конкурстың бірінші кезеңін өткізу үшін аудандық (қалалық) ұйымдастыру комитеті құрылады. Олардың құрамы білім бөлімдерінің тиісті органдарымен бекітіледі.

III. Конкурс қатысушылары

9. Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мекемелерінің  7-8 сынып оқушылары қатысады.

10. Конкурсқа қатысушы оқушылармен бірге ілесіп жүретін қалалар мен аудандардың білім беру ұйымдарының өкілдері Конкурстың екінші кезеңінде Конкурсқа қатысушылар жиналатын жерге (Өскемен қ.) баратын жолда
(оқу-танымдық турлар) және тұрғылықты жеріне қайту кезінде қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауакершілікті алады.

IV. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

11. Байқау екі кезеңнен тұрады:

11.1.БІРІНШІ КЕЗЕҢ.

Конкурстың бірінші кезеңі 2025 жылдың 2 сәуірінде сағат 08.00-ден 18.00ге дейін Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларының барлық білім беру ұйымдарында қашықтықтан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, тапсырмаларды орындауды ұйымдастыру, орындалған жұмыстарды тексеру мен бағалау «Шығыс Дарыны» веб-сайтының платформасында онлайн режимінде өткізіледі.

Қатысушылар типтік оқу бағдарламасына сәйкес 4 жалпы білім беретін пәндер бойынша: «Қазақстан тарихы», «География», «Биология», «Әдебиет» пәндеріне білім деңгейіне сәйкес келетін негізгі білім жиынтығы бойынша https://shygysdaryn.ai.kz/ тестілеу жүйесінде тапсырмаларды орындайды.

Тест тапсырмаларының саны – 60 (әр пән бойынша 15 сұрақ).

Барлық пәндер бойынша тапсырмаларды орындау уақыты – 90 минут.

Қатысушы тек бір рет қана тест тапсыра алады.

Тестілеу тілін таңдау қатысушының еркінде.

Тапсырмаларды орындау үшін қатысушыға тұрақты интернет желісіне қосылған құрылғы (мектептікі немесе дербес компьютер, ноутбук, планшет) қажет.

Тапсырмалар қатысушыларға бір күн аралығында қолжетімді болады.

Қатысушылар тест тапсырмаларын жеке және өздігінен орындайды.

Тапсырмаларды ұжыммен орындауға, сырттан оның ішінде ата-аналардың, мұғалімдердің көмегін қолдануға, «Интернет» желісіне жүгінуге (тестілеу жүйесінің веб-сайтынан басқа) тыйым салынады.

Конкурстың бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін «Шығыс Дарыны» сайтында нәтижелерімен тізімі жарияланады.

Конкурстың бірінші кезеңін ақпараттық қамтуды — Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларындағы барлық білім беру мекемелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде конкурс барысын кеңінен жариялауды көздейді. Хештег: #КИЕЛІ_ШЫҒЫС_ҚАЗАҚСТАН_2025

11.2. ЕКІНШІ КЕЗЕҢ.

Конкурстың  екінші кезеңі 2025 жылдың маусымында оқу-танымдық турлар форматында өткізіледі.

Жиналатын орын: Өскемен қ.

Оқу-танымдық турлардың бағдарламасына экскурсиялар, шеберлік сыныптар мен туризм негіздері бойынша оқу-тәжірибиелік сабақтар, спорттық ойындар, тимбилдинг, демалыс бағдарламасы енгізілген.

Оқу-танымдық турлар келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

Берел (Үлкен Нарын ауылындағы туристік орталық, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы, Берел қорғандары, О. Бөкейдің үй-мұражайы, жас туристер станциясы, орман питомнигі, марал өсіру шаруашылығы, шеберлік сыныптары: треккинг таяқшаларымен жүру бойынша, спорттық эстафета);

— Қиын-Керіш (Мойнақ шатқалы, Қиын-Керіш, Шәкірміс, Зайсан көлі, Бестерек ауылындағы ғылыми-зерттеу орталығы);

Таулы Үлбі – Риддер қаласы (Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи мұражай-қорығы, Ивановка жотасы, Риддер қаласының тарихи-өлкетану мұражайы, «Алтай Альпісі» тау шаңғы курорты, марал өсіру шаруашылығы, арқанды жолмен түсу, жаяу туризм бойынша шеберлік сыныбы, жергілікті жерді бағдарлау шеберлік сыныбы, картамен және компаспен оқу тәжірибе сабақтары);

Марқакөл (Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы, Марқакөл қорығының мұражайы, этноауыл, шеберлік сыныптары: садақ ату, қамшы өру, ұлттық спорттық ойындар: асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ).

Өскемен қаласына (жиналу орнына) келгеннен кейін Конкурстың екінші кезеңіне қатысушы білім алушылармен бірге ілесіп жүретін қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің өкілдері ұйымдастыру комитетіне келесідей құжаттарды ұсыну қажет (көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, қатысушы конкурстың екінші кезеңіне қатыстырылмайды):

1) қатысушылар туралы мәліметтер: А.Ж.Т., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, оқу тілі, тұрғылықты мекенжайы, үй және ұялы телефоны, бірге жүретін өкілдің А.Ж.Т., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны (№1 қосымша);

2) әрбір қатысушыға туу туралы куәліктері, бірге жүретін өкілдің жеке куәлігі;

3) қатысушылардың және жауапты өкілдердің жолдамалары бойынша, қауіпсіздік ережесін сақтау, қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бойынша аудандық/қалалық білім бөлімі бұйрығының көшірмесі;

4) әрбір қатысушыға эпидемиологиялық айналымнан медициналық анықтама.

Анықтама телефон арқылы: 8(7232)75-15-53.

Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларындағы жалпы білім беретін мекемелерінде білім алатын екінші кезеңнің қатысушыларына Конкурстың екінші кезеңін ақпараттық қамтуды — бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Конкурстың қорытындылауын кеңінен жариялауды көздейді. Хештег: #КИЕЛІ_ШЫҒЫС_ҚАЗАҚСТАН_2025

V. Қорытынды шығару және Конкурс қатысушыларын марапаттау

12. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі электрондық дипломдармен марапатталады (педагог-ғылыми жетекшінің А.Ж.Т. көрсетілуімен). Дипломдардың электрондық нұсқалары 2025 жылдың 30 маусымға дейін «Шығыс Дарыны» https://shygysdaryn.kz/  сайтында жарияланады.

13. Конкурстың екінші кезеңінің қатысушыларын алып жүретін қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің өкілдері алғыс хаттармен марапатталады.

VI. Конкурсты қаржыландыру

14. Конкурсты қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.

15. Қатысушылар мен бірге алып жүретін өкілдердің іссапар шығындарын (жиналу орнына бару және кері қайту жолында) жіберуші тарап төлейді.