Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін (бұдан әрі – Олимпиада) өткізілетінін хабарлайды.

Олимпиадаға қазақ тілінде білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары (9 сынып-2, 10 сынып-2, 11 сынып-2) қатыса алады.

Олимпиада 2 айналымда өткізіледі:

І айналым – эссе;

ІІ.айналым – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша жазбаша тапсырма.

Олимпиадаға қатысуға өтінімді, қатысушылардың жеке құжаттарының көшірмесін (жеке куәлік/туу туралы куәлік) 2025 жылдың 28 ақпанына дейін төменде көрсетілген үлгі бойынша vk_daryn@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Олимпиада өткізу уақыты қосымша хабарланады.

Өтінім үлгісі:

Қатысушы ның ЖСНҚатысушының аты-жөні (жеке куәлік бойынша)Аудан/қала  СыныбыМектебіМұғалімнің ЖСНДайындаған мұғалімнің толық аты-жөні                Қатысушы ның әлеуметтік статусы